Асанәлі Әшімовтың тағдыр тақтасы

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Қазақтың театр және кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өнер тарланы, КСРО-ның  Халық  әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, даңқты актер Асанәлі Әшімұлы Жетісу жеріне гастрольдік сапармен келді. Театр ұжымының аялдамасы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры болды.

«Жаңа ғасыр» театрының  әртістері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясында Асанәлі Әшімұлының шеберханасын 2018 жылы тәмамдаған әртістерден құралған.

Талдықорғанға үш күндік сапармен келген өнер ұжымы күні кеше көрерменге ақын, драматург Бақыт Беделханның «Тағдыр тақтасы» қойылымын ұсынды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

Тағдыр тақтасы – маңдайдағы жазу. Асанәлі Әшімұлы өмір дерегіне негізделген аталмыш қойылым сахнасы шахмат тақтасымен безендірілді. Ақ-қара жолақты тақтада актердің бозбала шағы көрініс табады. Асанәлі  Әшімұлының анасы, жары Майра Айманова, қос ұлы Сағи мен Мәди суреттері, уақыт желі үйіріп әкеткен тұлғалар талай көрерменнің көзіне жас келтірді. Қойылымның мақсаты да осы. Алып тұлғаны басқа қырынан көрсету.

Спектакль соңында сахнаға Асанәлі Әшімұлының өзі шығып,  «Жан балам» әнін шырқап залда жиналған қауымға бір ауыз жылы лебізін білдірді.

Шараға қатысқан Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов өңір басшысының атынан Халық әртісі Асанәлі Әшімовке жылы лебізін білдіріп,  сый-сияпат табыс етті.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *