Қоғам

BIR TOLQYNDA: Алматы облысында жастар Президент Жолдауын талқылады

Жастар ауылдағы IT курстарын көбейту және жаңа мүмкіндіктер ашуды сұрады

Алматы облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын талқылау «BIR TOLQYNDA» ашық диалог алаңы форматында өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырды.

Кездесуге студенттер, жас кәсіпкерлер, волонтерлер, инфлюенсерлер және сарапшылар қатысты. Диалог барысында Жолдауда көтерілген негізгі бастамалар – жасанды интеллект, инновациялық стартаптар, жастар кәсіпкерлігін қолдау және білім беруді цифрландыру мәселелері қаралды.

Alatau Hub директоры Бексұлтан Нұрақын облыста іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Оның айтуынша, Алматы облысы республикада алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметкерлерге жасанды интеллект құралдарын үйретуді бастаған. 500-ден астам қызметкер ChatGPT, Claude, Copilot, Midjourney және Sora платформаларын меңгерген. Сонымен қатар, өңірде 9 425 бейнабақылау камерасы жасанды интеллект функцияларымен жұмыс істейді, мектептер мен балабақшаларға Face ID және QR-код жүйелері енгізілген.

«Жастар жасанды интеллектті тек тұтынушы ретінде емес, жаңа шешімдердің авторы ретінде меңгеруі тиіс. Біз оларға no-code курстар, хакатондар және акселерация бағдарламалары арқылы мүмкіндік беріп отырмыз», – деді Бексұлтан Нұрақын.

Диалог соңында қатысушылар ауыл жастары үшін тегін IT курстарын көбейту, оқу процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдану және жастар кәсіпкерлігін қаржыландыруды кеңейту бойынша ұсыныстар айтты.

Related Posts

Қоғам

Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай және Максим Рожин азаматтарды қабылдау үшін келді. Азаматтарды қабылдау уақыты мен орны туралы ақпарат прокуратура органдарының сайттарында және
Жетісу облысы

Жетісу облысы: Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 343,6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақытнұр Бақытұлының мәліметінше, өткен жылы 4,4% өсіммен 320,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Сондай-ақ, облыстың өнеркәсіптік өндірісіне 540 өнеркәсіптік кәсіпорын тартылғанын атап өткен
Жетісу облысы

«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдануда

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау жүргізілуде. Конкурсқа өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады. Байқау отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбек жолында, спорт, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен
Жетісу облысы

Жетісу облысында 32 мыңға жуық тұлға декларациялаудан өтті

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды. Енді жеке тұлғалар