Бірлік пен келісімге 30 жыл: Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспары талқыланды

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Бұл туралы «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Еркебұлан Ақболатов мәлімдеді.
Мерейтойлық жылды мерекелеу 1 наурызында, яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні және Алғыс айту күнімен басталып, іс-шаралар 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтеді. Атап айтсақ, Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясы, «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» аясындағы мерекелік іс-шаралар тізбегі жоспарланған.
Аталған жоспар аясында жалпы саны 69 іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда.
Негізінен 1 наурыз — «Алғыс айту» күні, ҚХА өңірлік және республикалық сессиясы, 1 мамыр – Бірлік күніне орай «Достық дәмі» мерекелік шарасы, «Бірлік Fest» фестивалі, «Бірлік жүгірісі» марафоны, Студенттік Ассамблеялардың республикалық форумы, Ассамблея жастарының республикалық сессиясы мен слеті, «Ұлттық домбыра» күніне орай «Алтын домбыра» шарасы, «30 игі іс» қайырымдылық акциясы және этномәдени бірлестіктердің мәдениет күндері және т.б. ауқымды шаралар қамтылған.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *