NewsЖетісу облысы

Достық дәмі: ұлттық тағамдар фестивалі Талдықорғандық NIS – те өтті

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Достық дәмі» ұлттық тағамдар фестивалі өтті, онда мектеп командалары дәстүрлі ұлттық тағамдар көрмесін ұсынды.

Қазақтың құрты және бешбармағы, каравай, орыс құймақтары, татар халқының бәліші және учпочмак, өзбек халқының палауы, грузин елінің хинкалиі – бұл көрме қонақтары көре алатын шағын ғана тізім. Фестивальде оқушылар сонымен қатар тағамдардың ерекше рецептерін айтып, шығу тарихымен бөлісті.

Іс-шара достық пен бірлік атмосферасын құра отырып, оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды жинады. Оқушылар фестивальді дайындауға және ұйымдастыруға белсенді қатысты, бұл оларға аспаздық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.

«Бұл фестиваль бізге мәдениеттер мен дәстүрлердің алуан түрлілігін бағалауды үйретті. Әртүрлі елдердің тағамы адамдарды біріктіретін тарих екенін түсіндік», – деп бөлісті 7 – сынып оқушысы Даниэль Шаяхов.

Осылайша, «Достық дәмі» фестивалі дәм мерекесі ғана емес, сонымен қатар әртүрлі халықтардың достығы, өзара түсіністігі мен мәдени мұрасын құрметтеу туралы маңызды сабаққа айналды.