Без рубрики

Алматы облысында 30 адамға грант беріледі

Алматы облысында «Zhas Project» жобасы аясында 30-ға жуық жасқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін арнайы жоба іске қосылады. Жеңімпаздарға 1 млн теңге қайтарымсыз грант табысталады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан Досалы айтты.

«Бұл жоба жастарды қолдауға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған», – деді спикер.

Өтінімдер 9 қазаннан 22 қарашаға дейін қабылданады.

«Конкурсқа 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Мұнда әлеуметтік осал топтан шыққан жастарға, жетім және мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне басымдық беріледі», – деді Балжан Досалы.

Байланыс үшін: +7 7051506279

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысындағы ауылдарға мобильді медицина жабдықтары берілді

[ad_1] Алматы және Жетісу облыстарының жеті ауруханасына 18 мобильді ультрадыбыстық жүйе берілді.«Ерекше аппараттың біз үшін пайдасы көп. Әсіресе көп жарақат алған кезде қажет. Қазір ультрадыбыстық зерттеу FAST-хаттамасы бойынша қалай жасалатынын
Без рубрики

Алматы облысында пробация есебінде тұрған азаматтарға рейд жүргізілді

Прокуратура және Полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақытта тексеріс жүргізілді, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Аталған іс-шараның мақсаты – пробацияда тұрған тұлғалар
Без рубрики

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 102 өрт оқиғасы тіркелді

Облыс аумағында жылыту маусымы басталғанан тұрғын үй секторында өрттің саны едәуір артады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко айтты. «Жылыту маусымы кезінде 102
Без рубрики

Алматы облысында жыл басынан бері 70 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Спикердің айтуынша,өңірде жемқорлықпен күрестің қарқыны
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *