Без рубрики

Алматы облысында талап бұзған медицина мекемелеріне айыппұл салынды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп жазды Алатау арайы порталы.

Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар орындамайды. Сондай-ақ, зертханалық зерттеулер қорытындысында дезинфекциялау-стерилдеу режимінің сақталмайтыны белгілі болды. Заттар, жабдықтар және жұмыс беттерінен зерттеуге алынған 2300 шайындының ішінен 15-і ішек таяқшалары тобының бактериялары мен стафилококтарға оң нәтиже көрсетті. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың стерильденгенін тексеру мақсатында 500-ден астам шайынды зерттелді, олардың 4-еуінің нәтижесі оң болды. Зерттелген 370 ауа сынамасының 17-сі оң нәтиже көрсетті, бұл ауаны зарарсыздандыруға қойылатын талаптардың сақталмағанын растайды. Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау ережелерінің сақталмайтыны зерттелген 120 сынаманың 3-еуінің оң нәтижесі растады.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 25 млн. 892 мың 250 теңге болатын 42 айыппұл салынды, 27 субъектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді, 3 медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1007 медициналық ұйымның арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 54 денсаулық сақтау объектісі (5,4%) анықталды. Оның ішінде ауылдардағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 35 нысан 2023-2024 жылдары құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 9 айында 4 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Медициналық ұйымдардың санитарлық жай-күйі талапқа сай болмаса және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына наразылық туындаған жағдайда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық бөлімшелеріне немесе almobldkgsen@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Марат Сұлтанғазиев Азиада жеңімпаздарын қабылдады

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ Азия ойындары өтті. Алматы облысынан жарысқа 10 спортшы қатысып, 2 алтын, 3 қола медаль иеленген. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат
Без рубрики

Қонаев қаласының тұрғындары тұрғын үй құрылысының сапасына наразылық білдірді

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қонаев қаласы 5 шағынауданының тұрғындары өтінішін арқалап келді. Баспанаға әрең қол жеткізген тұрғындардың «ICB Company»
Без рубрики

Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе жүріп жатыр

Қазіргі таңда қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов пен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуларынша,
Без рубрики

Алматы облысында бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Алматы облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Жалпы 20-дан астам адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *