Без рубрики

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай жұмыстар атқарылатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

«Облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Сондай-ақ 2 қыркүйекте Қонаевтың Бас жоспары бекітілді. Жоспарға сай, жаңа шаһардың аумағы 19 мың гектарды қамтиды. Халық саны 2050 жылға қарай 200 мыңға жетеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының сөзінше, негізгі әкімшілік ғимараттар Қонаев қаласының қазіргі аумағында салынады. Жақында жаңа әкімшілік-тұрғын үй орталығын салуды көздейтін қаланы дамытудың Кешенді жоспары қабылданады.

Ал 2-ші кезеңде «Жаңа Іле» алаңы игеріледі. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдениет, білім беру ғимараттары, тұрғын-үй кешендері және рекреациялық мақсаттағы нысандар салынады.

Бүгінде шаһар маңындағы саяжайлардың да болашағы белгілі болған. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Бас жоспарға сәйкес, 6 мың адам тұратын 9 саяжай алқабы қала шекарасына енгізілді. Олардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады.

Аталғандардан басқа, аймақ басшысы облыста құрылыс нысандарын салуға талап күшейтілгенін атап өтті. Мысалы, Қонаевта салынып жатқан 10 көпқабатты үйдің жетеуінің жобасы толықтыруға жіберілген. Оларға қасбетіне, абаттандыруға, автотұраққа байланысты ескертулер берілген.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері кәсіби мерекені атап өтті

1 – қазан Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған «Ұстазын ұлықтаған - ел бақытты» атты мерекелік жиын өтті. Жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауымен басталды. Еліміз бойынша
Без рубрики

Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдау басталды

Жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін танылған 14-35 жас аралығындағы жастарға ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2023» жастар сыйлығын өткізу жоспарлануда. Қатысу шарттары мен ережелерін баспасөз
Без рубрики

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Документ: ПРАЙС ALATAU24 ИП «ALATAU MEDIA» − собственник информационного агентства «Alatau24.kz» информирует кандидатов, участвующих о предоставлении интернет площадей для размещения предвыборных агитационных материалов кандидатов в депутаты маслихатов в территориальные избирательные
Без рубрики

Қонаев қаласында 982 бала қызылшаға қарсы екпе алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Қонаев қалалық ауруханасының эпидемиолог-дәрігері Ерлан Саржанов айтты. Эпидемиолог-дәргердің айтуынша облыс орталығында жыл басынан бері қызылша ауруының 157 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 19 адам
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *