ҚоғамСпорт

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келді

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келіп, жұртшылықпен жүздесті. Жиында өңірдегі спорттың дамуы жөнінде сөз қозғалып, саладағы кемшіл тұстар да айтылды.

Жыл басынан бері Жетісу облысының спортшылары барлық деңгейлі жарыстарда олимпиадалық спорт түрлерінен 337 медаль, олимпиадалық емес спорт түрлерінен 452 медаль иеленген. Облыстың жетістіктері туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл мәлімдеді.

«Биыл өткен Әлем, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары үлкен жеңістерге жетті. Мәселен, велоспорттан Әлем чемпионы атанған Евгений Федоров, ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Карина Горичева және қола медальға ие болған Самарканов Андас, Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан Болатбекқызы Айана күміс жүлдегері, грек-рим күресінен Қален Диас, велоспорттан Азия Чемпионатының чемпиондары Чжан Игорь, Удовыкина Екатерина, Заам Евгения және басқа да спортшылар жүлдегер атанды. Ал Азия ойындарының қорытындысы бойынша Жетісу облысы 1 алтын және 1 қола медаль иеленді.

Облыс спортшыларының 2024 жылы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ-ші жазғы Олимпиада ойындарына лицензия алу, жоғары нәтиже көрсету үшін сапалы дайындық жүргізіліп, алдағы уақытта велосипед спорты, дзюдо, ауыр атлетика және садақ ату спорт түрлерінен лицензиялар алу жоспарланған», деді Ұлан Рысқұл.

Вице-министр Үкімет отырысында талқыланған спорттағы жалпы жетістік туралы айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің әрбір баласы спорт секцияларына тегін қатысуға және одан әрі жас спортшылардың қатарын толықтыруға мүмкіндік алуы тиіс. Баршаңызға мәлім, Азия ойындарындағы сәтсіздік бәрімізге сабақ болуы керек. Әр спортты қаржыландыру, оны дамыту бойынша жүргізілетін жоспарлы қаражатты мөлшерлеуіміз қажет. Спортшыларды ұлттық құрамаға қабылдау ережесі қайта жасалады. Ал Әлемдік жарыстарға спортшыларды енді тек бір жерден жіберуді көздеп отырмыз. Ел ішіндегі жарыстарға әр өңірдегі басқармалар жауапты, — деді өз баяндамасында Сәрсен Құранбек.

Кездесудің соңында Сәрсен Абайұлы жиналған қатысушылардың сауалына жауап беріп, өзара пікір алмасып, ұсыныс-тілекті тыңдады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін
Жетісу облысы

Сарқан ауданы тұрғындарына қолайлы жағдай жасалуда

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне саялы Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев келіп, өлкенің соңғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысымен бөлісті. «Ауданымыздың ауыл шаруашылығының өсерін молайту барысында өткен жыл басынан 128 дана
Қоғам

Бұл қаржылық пирамида ма, жоқ па?

Жыл жылжыған сайын қаржылық пирамидалар да көбейіп, халық қалтасын қағып келеді. Тек бір мысал ретінде, биылғы жылы Q-net компанисынан Жетісу өңірінің тұрғыны 3,8 миллион теңге шығынға батқан. Осындай алаяқтықтың кезекті
Жетісу облысы

Әр азаматқа бірдей мүмкіндік

"Қазақстан барысы" Руслан Әбдіразақов ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс берді. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *