Қоғам

Заречный мен Арна тұрғындары негізсіз қауіптеніп отыр – Қонаев қаласының әкімі

Шаһар басшысы Нұрлан Құматаевтың айтуынша, Заречный ауылдық округінің (Заречный, Арна ауылдары) 9757 гектар жері «G4 city» жобасының құрамына енуіне байланысты тұрғындар негізсіз қауіптеніп отыр. Ол аталған өзгерістің халықтың тұрмыс-тіршілігіне еш әсер етпейтінін атап өтті. Себебі, тұрғындар қазіргі әлеуметтік және әкімшілік орталықта қызмет алатын болады.

«Мұндай өзгерістер «G4 city» жобасының жүзеге асуы үшін жасалып отыр. Біз ауылдық округ тұрғындарына әлеуметтік және әкімшілік қызметтер көрсетуді ары қарай жалғастыра береміз. Оның үстіне, қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Балаларды балабақшаға кезекке қою, мектепке оқуға беру – барлығы да электронды формада реттеледі. Ауыл халқының тыныс-тіршілігі үнемі назарда», — деді Нұрлан Құматаев.

Бұдан бөлек, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ракишева алдағы уақытта елді мекен жұрты Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі медициналық мекемеде ем қабылдайды деген пікірді теріске шығарды.

«Заречный ауылдық округінің тұрғындары біздің ауруханада емделеді. Сондай-ақ ауылда дәрігерлік амбулатория бар екенін естен шығармағанымыз жөн. Бізге жүгінген әр науқасқа толыққанды медициналық көмек көрсетіледі», — деді аурухана басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІІІ сессиясы өтті. Жиында Қонаев қаласы мен Алматы облысындағы ауылдық округтердің шекарасын өзгерту туралы мәселе қаралды.

Shares:

Related Posts

Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14
Жетісу облысы

2025 жылы Жетісу облысында 6 сауда нысанын жаңарту жоспарлануда

2025 жылы Жетісу облысында сауда нарықтарын жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында алты сауда нысанын жаңарту жоспарланған. Жұмыстар Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бекіткен Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта
Жетісу облысы

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

1 маусымнан бастап елімізде шомылу маусымы басталады. Осы тұста Жетісу облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері
Жетісу облысы

Сарқан ауданы тұрғындарына қолайлы жағдай жасалуда

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне саялы Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев келіп, өлкенің соңғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысымен бөлісті. «Ауданымыздың ауыл шаруашылығының өсерін молайту барысында өткен жыл басынан 128 дана
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *