Медицина

Алматы облысында 156 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинациямен 156 мыңға жуық адам, яғни, егілуге жататындардың 92% қамтылды.

Атап айтсақ, медициналық қызметкерлердің 91%-ы, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдердің 90%-ы, жабық мекемелердегі балалардың 69% -ы, диспансерлік есепте тұрған адамдардың 84%-ы және қарттар үйінің контингенті 100% тұмауға қарсы егілді.

Облыста тұмауға қарсы вакцинация 7 ауданда аяқталды. Олар Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында және Қонаев қаласында жүргізілді. Қазірде аймаққа қарасты 2 ауданда екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Инфекциялық сырқаттанушылықтың маусымдық кезеңінде Алматы облысының СЭБД өзін және жақындарын қорғау үшін, тұмауға қарсы егілуге шақырады.

Айта кету керек, денсаулық сақтау басқармасымен «Гриппол плюс» вакцинасының 168 500 дозасы сатып алынған. Соңғы 11 жылда халықты тұмауға қарсы вакцинациямен қамту 6,4%-дан 13,9%-ға дейін өсті.

Shares:

Related Posts

Медицина

Педикулез және оның алдын алу

Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Солардың бірі – педикулез. Ол адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік
Медицина

Көкжөтелдің алдын алу шаралары

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтелдің қоздырғышы - Bordetella тектес бактериялар болып табылады. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары
News

Алматы облысында 1 млн 138 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген

Дені саудың-жаны сау. Ол үшін денсаулыққа аса мән беруі керек екені мәлім. Бүгінде ауырмай ем іздейтіндер үшін арнайы қор жұмыс жасайды медициналық көмектің екі түрі бар. Ол тегін медициналық көмектің
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *