ҚоғамҚұқық

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да аталған апат санынан қалыс қалар емес. Жыл басынан бері құқық қорғау органдарында бұндай оқиғаның 428-і тіркеліп, салдарынан 123 адам қаза тапты. Мерт болғандардың 20-сы балалар.

Әзірге бұл статистиканың құлдырауына ешкім әсер ете алар емес. Тіпті,  2005  жылы  25  қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні де. Қарашаның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін бұл қаралы күн — темір тұлпар иелері мен жүргізушілерін үйде жақындары күтіп отырғанын есте сақтауға үндейді.

алдын алу іс-шаралары жыл сайын Жетісу өңірінде де өткізіледі. Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңына Жетісу облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қайсар Мұхметов келіп, қараша айының 13-19 аралығында өткізіліп жатқан «Жол қауіпсіздігі апталығы» жайында мәлімдеді.

«Апталық аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мысалы: «Қамқор ана», «Жолаушы – бала», «Студенттік идеялар мен бастамалар – жолдардағы қауіпсіз қозғалыс үшін», «Үздік автомектеп», «Біз өмірге сенеміз!». Дүниежүзілік көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күнінде жол полициясы қызметкерлері мен тұрғындар арасынан шыққан еріктілер қан тапсыру акциясын өткізеді. Бұл шара қоғам назарын жол қауіпсіздігін сақтауға аударып, түрлі апаттардың алдын алуға септігін тигізбек. Басты мақсатымыз көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсету және жол қозғалысына қатысушыларды ынтымақтастыққа, жүргізу мәдениетін арттыруға шақыру», — деді Қайсар Мұхметов.

Спикердің айтуынша, бүгінгі күні Жетісу өңірінде патрульдік полиция топтары тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар 14 камералы Ekinpatrol құрылғысымен жабдықталған. Жол қозғалысы ережесін бұзу анықталғанда не болып жатқанын жазып алып, немқұрайлы жүргізушіні немесе жаяу жүргіншіні тоқтатуды қажет етпей, бұзушыға айыппұл салынады. Құрылғы 360 градусқа айнала алады және көліктің нөмірін өзінен 70 метрге дейінгі қашықтықта жазып алады. Осылайша, қырағы «электрондық көздерден» жасырыну мүмкін емес. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, құрылғыны пайдалану заң бұзушылықтардың көбеюіне әкелуі мүмкін, бірақ ең бастысы, ол адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Ақсулық ақсақалдар референдумға белсенді қатысуға шақырды

Ақсу, Сарқан аудандарының Құрметті азаматы О.Исанованың, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Д.Мұхаметшаровтың, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айтбаевтың, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Б.Құрманғалиеваның өздеріне бекітілген дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.
Қоғам

Талдықорғанда контрафактілік өнімдер анықталды

Әділет департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері «Контрафактілікке жол жоқ!» республикалық акциясы аясында Талдықорған қаласындағы ірі сауда орындарына 6 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 100-ге жуық контрафактілік өнім сатылымнан алынып, сауда нүктелерінің иелері
Жетісу облысы

Өткен жылы Жетісу облысының соттары 17 мыңнан астам азаматтық істі қарады

Өткен жылы Жетісу облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына 17 303 азаматтық іс пен талап-арыз келіп түсті. 2022 жылмен салыстырғанда түсімнің өсуі 26,7% - көрсетеді. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

Жетісулық БАҚ өкілдері шекара аймағының тынысымен танысты

1967 жылы құрылған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Сарқан» шекара бөліміне қарасты «Басқан» шекара бөлімшесі тәуелсіз күн тұғыры мен ел қауіпсіздігін қалт жібермей күзетуде. Өз отбасынан
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *