Қоғам

AMANAT: Алматы облысында 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырды

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Осылай деген AMANAT партиясы Halyk Bank-пен бірге мамыр айында «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады. Оның аясында, бір ғана Алматы облысының мыңдаған ауыл тұрғыны несие бойынша білімін арттырып, отбасы бюджетін тиімді басқаруды үйренді.

Бұл жоба қаржылық алаяқтықты азайтуға, шамадан тыс қарызданып қалуды болдырмауға және ауыл тұрғындарының қаржылық мәдениетін жақсарту үшін қолға алынған. Берешегі басынан асып, борышкер атанған қатысушылар игі іс үшін AMANAT партиясына алғыс білдіріп жатыр. Өйткені, олар дәрістен кейін маңызды дүниелерді ойға түйгендерін айтты.

«7 айда 9 мыңға жуық азамат қаражатты тиімді жұмсауды үйренді. Өз кәсібін бастағысы келетіндерге, табыс табудың түрлі жолдарын көрсететін пайдалы мәліметтермен бөлістік. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды үйретті», – деді Алматы облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Зәмзәгүл Сламбекова.

Оның айтуынша, қаржылық сауатты арттыру курсына құмар ойынға салынғандар да қатысқан.

«Қаржылық сауатсыздықтың салдары орасан. Қарызы жамала берген соң несиеге барып ұрынады. Алған кезде банктің процентін есептеп жатпайды. Соңында ай сайынғы берешегі табысынан асып түседі. Төлей алмаған соң есепшоты бұғатталады. Олардың қатарында алаяқтарға алданып қалғандар, құмар ойындарға тәуелді болғандар мен банк борышкерлері бар» – дейді ол.

Мәселен, AMANAT партиясына 26 жастағы азамат 4 түрлі микроқаржы ұйымынан 800 мың теңге қарыз алғанын айтып келген. Ал оның ата-анасы баласының «лудоман» екенін білмеген. Тұрақты табысы болмағандықтан несие уақтылы төленбей, коллекторлық компаниялар жақындарына қысым көрсете бастаған.

«Ұлының берешегін екі зейнеткер өз мойнына алып, зейнетақысынан төлеп келген. Оның шоты бұғатталып, несие тарихы бұзылғанына байланысты ешқандай кәсіппен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Тіпті жұмысқа тұра алмайды. Осы мәселе қариялардың денсаулығына кері әсер еткен. Семинардан кейін несие төлемдері мен құжаттарын талдау нәтижесінде азаматтың шоты бұғаттан шығарылды. төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі жүргізілген. Нәтижесінде, жұмысқа орналасып, айлығын толық мөлшерде алып отыр», – дейді жоба жетекшісі.

Оқу барысында қатысушылар тек білім алумен шектелмейді. Оған қоса, борышкерлерге заңгерлер тегін кеңес беріп, қолдау көрсетеді. Жоба келесі жылы да жалғасады.

Айта кету керек, оқуға қатысқан тұрғындардың 61% банктер мен микроқаржы ұйымдарына берешегі бар. Олардың бірнеше несие өтеп жатқаны, тіпті 12 несиесі бар отбасы белгілі болды.Әсіресе жастар арасында ойланбай қарыз алып, қайтара алмай жүргендер көп. Қазан айындағы статистикаға сәйкес Алматы облысында 801 адам банкрот деп танылған.

 

 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады

Жетісу өңірінде қызылша ауруы бойынша тұрақтылық тенденциясы байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өтті. Бүгінде облыста бұл сырқатқа шалдыққандар саны 593 адам. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Жетісу облысы

Талдықорғанда шинкиокушинкай каратэдан әлем және Азия чемпионы Мерей Суюнов өз таңдауын жасады

Еліміздің айбынын әлемдік додаларда танытып жүрген даңқты жерлесіміз Мерей Суюнов қаламыздағы Талдықорған сервис және технология колледжінде орналасқан №390 дауыс беру учаскесіне келіп, кемел келешек үшін дауыс берді. «Бүгін мен үшін
Жетісу облысы

TEMIRADAM атанған Бақытжан Бектенов өз таңдауын жасады

Бақытжан Байтайұлының Бектенов Қазақстанның TEMIRADAM атағының иегері Қарабұлақ ауылындағы №119 дауыс беру учаскесіне келіп өз тандауын жасады. «Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің
Жетісу облысы

Талдықорғанда отандық өнім шығарылуда

Талдықорғанда Тоқа Қарқын атты азамат сұйық сабын шығарумен айналысып, отандық өнімді дамытуда. Жеке кәсіпкер цех жұмысын өз қаражатымен дамытып отыр. Цехта жалпы саны 5 адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ мұнда шет
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *