ҚоғамМедицина

Соңғы 10 айда Жетісу облысында 700-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған.

Дүниежүзілік ЖИТС(жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы)-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1-ші желтоқсанда атап өтіледі. Үрдіске Жетісу өңірі де қосылып, 2023 жылдың 20-шы қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында онкүндік өтуде. Аталған шара әрқашан белгілі бір тақырыпқа ие. Биылғы ұран – «Көшбасшылық қоғамдастықтарға!»

Толығырақ Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медико-санитарлық көмекті үйлестіру және қоғамдық денсаулық бөлімінің басшысы Алмагүл Кенжеғұлова мен Облыстық АИТВ жұқпасының алдын алу орталығының емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Айман Қалиева толығырақ айтып берді.

«Бұл науқанға Жетісу өңіріндегі барлық жастар денсаулық орталықтары және үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылған.  Он күндік аясында  түрлі іс-шаралар, акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, халықты Экспресс-тестілеуден өткіздік. Бұл іс-шаралар АИТВ(адамның иммун тапшылығының вирусы) жұқпасының алдын алуға, білімді насихаттауға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуға бағытталған. Экспресс-тест биоматериал тапсырғаннан соң 20-30 минут арасында адам ағзасында АИТВ бар-жоғын анықтай алады. Егер бұндай талдау сырқат бар екенін білдірсе, диагнозды нақтылау үшін нәтижені мүмкіндігінше тезірек облыстық АИТВ-дың алдын алу және Республикалық орталықтың зертханасында қайта тексеру қажет», — дейді Алмагүл Кенжеғұлова.

Бүгінгі таңда Жетісу өңірінде АИТВ-инфекциясының 714 жағдайы тіркелді. Айта кетейік, АИТВ — өлімге әкелетін ауру емес. Вирус жұқтырғандар АРТ (антиретровирустық) терапияны үздіксіз қолдану және ұстану нәтижесінде ұзақ әрі сапалы өмір сүре алады. Ауру тұқым қуаламайды.

«Адам өзінің диагнозын ертерек біліп, АРТ терапиясын қабылдаса вирустың өзгелерге жұғуына жол бермейді. Жыл сайын дертке шалдыққан негізгі топтардың өкілдері (ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс-жұмыскерлер) және жүкті әйелдер АИТВ ға көбірек  тестіленуде. Сондай-ақ бізде сырқат жұқтырғандармен тікелей жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым бар. Адамдар өздерінің мәртебесін қабылдап, емделуге баруы үшін олар кеңес беріп, ақпараттандырады.  АИТВ инфекциясының таралуына қарсы тұруда бұл қауымдастықтар бізге көп көмектеседі», — деді Айман Қалиева.

Биылғы жылы жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын жүргізу үшін үкіметтік емес ұйымдарға жергілікті бюджеттен грант бөлінгенін айта кеткен жөн. Грант жеңіп алған «Қос қанат Жетісу» қоғамдық ұйымы қазір жоғарыда аталған халық топтары арасында оқыту семинарларын өткізуде. Бұл жұмыстарды 2024 жылы жалғастыру жоспарлануда.

 

Shares:

Related Posts

Қоғам

Қатерлі ісікке қарсы вакцина! Жетісу өңірінде онкодәрігерлер егілу арқылы қатерлі ісіктің өршуінің алдын алуды жоспарлап отыр.

Сүт безінің, жатыр мойнының және асқазанның қатерлі ісігі. Жетісу облысы осы үш онкологиялық аурудың алдын алу ықпалын жасамақ. 9 айдың қорытындысы бойынша өңірде ауруға шалдыққан 6685 адам тіркелді. Оның 1000-ға
Жетісу облысы

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған.
Жетісу облысы

Инфекциялардың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация

Көктемнің басталуымен түрлі аурулар мен инфекциялар қаупі артып келеді. деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова. Вакцинация дифтерия, көкжөтел, қызылша, полиомиелит,
Қоғам

Жетісу облысында өткен «Жайдарлы Жетісу» республикалық ойыны қорытындыланды

«КТК ойындарын ұйымдастыру және өткізу» басым бағыты бойынша  Жетісу облысында «Жетісу Жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысы жобасы жүзеге асырылды. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы қолдау көрсетіп, «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *