ҚоғамМәдениет

Жетісу облысының филармониясына Дәнеш Рақышевтің есімі берілді

Өңір филармониясына Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің есімі берілуіне орай тұлғаның тұрған үйінде естелік тақтайшасы жаңартылды. Сондай-ақ әнші әрі композитор құрметіне арнап ҚР мәдениет пен өнер саласы үздіктерінің қатысуымен «Жетісу дүлдүлі» атты мерекелік концерті өтпек.
Бұл жайлы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы, Жетісу өңірінің Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының директоры Жексенбаев Самат Жанғазыұлы және Қазақстан халық әртісі Стамғазы Рамазан Өмірәліұлы мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанпейісов Нұржан Қабимолдаұлы хабарлады.
Спикерлер қазақы өнердің өрнегіне өрмелеген өр тұлғаның өміріне көз жүгіртті. Мәдени ошақтың есімі бұндай ұлыға берілгені еңбегінің еш кетпегені дейді қонақтар.
Сонымен қатар Қуаныш Сұлтанұлы келесі жылы Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына және
Мұхаметжан Тынышбаевтың айтулы датасына орай жеке-жеке ескерткіш орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. 
Shares:

Related Posts

Мәдениет

Қонаевта 1500 ағаш егілді

Қонаев әкімі Асхат Бердіханов халықпен бірге сенбілікке шығып, Центральная көшесінің бойына ағаш егу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда бүгін 1500 ағаш егілді. «Жасыл аймақ» акциясына қатысқандар арасында этно-мәдени бірлестіктерінің, Ақсақалдар кеңесінің
Қоғам

Азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салынатын заң жобасы әзірленді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірленді.
Қоғам

Талдықорғанда құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды

Талдықорған прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған. "Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға
Жетісу облысы

Текелі энергокешенінің жұмысшылары дауыс берді

Текелі қаласындағы № 449 дауыс беру учаскесінде «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС 17 жұмысшысы бір мезгілде күндізгі ауысым кезінде өз таңдауларын жасады. «Біз ұжымымызбен референдумда таңдау жасауға келдік. Ел өмірінде маңызы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *