Қоғам

Алматы облысында «AMANAT» партиясының жанынан әйелдер қанаты құрылды

Қазір әйел азаматтар барлық салада қызмет атқарады. Десе де, нәзік жандылардың шешілмеген түйіндері көп. Партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың айтуынша, бұл ұйым осы мәселелерді шешумен айналысады.

«Бүгінде саясатта, мемлекеттік басқаруда, кәсіпкерлік саласында әйелдердің мүмкіндігі артқан. Мәселен, Алматы облысында аманаттықтардың 76 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Біздің негізгі мақсатымыз – әйел мәртебесін көтеру, олардың ғылымдағы, қоғамдағы рөлін айқындау, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын дәріптеу, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету және басқа да бағыттарды қолға алуды көздейміз», – дейді партия филиалының төрағасы.

Бұл істі жүзеге асыру үшін аймақтық Саяси Бюро кеңесінің шешімімен Halyk Bank Алматы облыстық филиалының директоры Гүлмира Ахметова әйелдер қанатының кеңесшісі болып тағайындалды.

«Маған осындай жауапты істі жүргізуге үлкен сенім артып отырған партияластарға алғыс білдіремін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белең алған шақта әйелдерге қолдау көрсету керек. Әйелдердің дәрежесін көтеріп, ғылым мен білім, бизнесте орнын айшықтау біздің міндетіміз. Бұл іске өңірдің ең іскер ханымдарын жұмылдырмақпыз. Қай салада болмаса да әйелдер белсенді. Оны ешкім жоққа шығармас. Саясатта да әйелдің рөлі өте жоғары», – дейді Гүлмира Ахметова.

Жалпы, бүгінгі күні өңірде облыстық мәслихаттың депутаттары қатарында – 8 әйел бар. Ал аудандық, қалалық мәслихаттарында 190 мандат болса, оның 43-і нәзік жандылар.

Аймақтағы саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар және т.б салаларды табысты қызмет етіп келе жатқан әйелдер, көпбалалы аналар қауымымен өткен басқосу еркін пікір-алмасуға ұласып, түрлі ұсыныс-тілектер айтылды.

Айта кету керек, Әйелдер қанаты 10 басым бағыттың аясында жұмысын жүзеге асыратын болады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда
Қоғам

Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек – Максим Рожин

Халық қалаулысы әскерилендірілген объектінің жұмысымен танысып, оның материалдық-техникалық базасын тексерді. Алайда әскери қызметшілердің еңбекақы мәселесі мәжілісменді таң қалдырды. Бүгінде бөлім құрамының айлығы шамамен 120 мың теңгені құрайды. Депутаттың айтуынша, бұл
Қоғам

Алматы облысында айрықша үлгідегі кітап орталығы ашылды

Оған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев және зиялықауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.  Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың
Жетісу облысы

«Малайсары» футбол командасы референдумға қатысты

Кербұлақ ауданын республикаға, тіпті шетелге танытып жүрген жағажай футбол командасының ойыншылары арнайы спорттық киім үлгісінде №185 сайлау учаскесінде бір кісідей дауыс берді. Ар-намысты биік қойған азаматтар Отан алдындағы маңызды қадам
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *