ҚоғамМедицина

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында спикерлер эпидемиологиялық жағдай туралы толығырақ айтып берді. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Біржан Оспанов және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері Гүлнар Жүсіпбекова аурудан қалай сақтану керектігі туралы ой бөлісті.
«Тұмау жұқпасының зертханалық расталған 15 жағдайы тіркелді. Облыс бойынша тұрғындарды иммундау жұмыстары аяқталды. Жергілікті бюджет есебінен облыс халқының 12%-ын қамтып, 80 мыңға жуық адам вакцинацияланды. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің есебінен 325 адам егілді», — деді Асхат Чарапиев.
Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Біржан Оспановтың айтуынша, қазір жіті респираторлық вирустық инфекцияның 3 аптасы өтіп жатыр. 2022 жылмен салыстырғанда қазір науқастар саны бір жарым есе көп. Қоғамдық орындардан аулақ болу, қолды үнемі жуу және қорғаныс маскасын кию ЖРВИ инфекциясының жиілігін азайтуға көмектеседі. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында 185 бала жатыр. Науқастардың 85%-ы 5 жасқа дейінгі балалар.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Талдықорғандағы кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі тексерілді

Өңірлік коммуникациялар қызметі Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен бірігіп облыс пен қаланың өндірістік кәсіпорындарының қызметін жариялау мақсатында баспасөз-турын өткізді. Негізгі мақсат кәсіпорындардағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі пен
Қоғам

Қазақстанның ұлттық валютасына — 30 жыл

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгізілді. Биыл еліміз ұлттық валютаның 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты Өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңына баспасөз конференциясына ұлттық валютаны
Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында 196 жетісулық дүниеге келді

Жаңа жылдың басталуымен облыс бойынша 1-7  қаңтар аралығында 196 бала өмірге келді. Оның төртеуі егіз. Оның ішінде 98 ұл және 98 қыз бала. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде
Қоғам

Талдықорғанда құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды

Талдықорған прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған. "Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *