Қоғам

Алматы облысында тұрғын үйдің пеші жарылып 82 адам жылусыз қалған

9 желтоқсанда күндізгі сағат 12:41-де Кеген ауылындағы көпқабатты 32 пәтерлік тұрғын үйдің от жағу ғимаратының ішінде орналасқан «BURAN boiler» пеші жарылып, тұрғын үйдегі жалпы 82 адам (41 жасөспірім, 41 ересек) жылусыз қалды.

Көпқабатты тұрғын үйдің пешін қалпына келтіру жұмыстары дереу қолға алынды. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жасағы, аудандағы барлық арнайы қызмет көрсететін мекемелер оқиға орнына дер кезінде келіп, жұмыстар жүргізді.

Пешті қалпына келтіру жұмыстарына ТРЭКОЛ, ГАЗ-66 «Кунг», Камаз АЦ 8-70, Урал 5.5-40, Зил 2.5-40, Kamaz базасындағы вахталау, көп мақсатты өрт сөндіру көлігі (АПМ), Toyota Hilux және УАЗ техникалары жұмылдырылды. Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындарына пеш ауысқанға дейін қосымша жылумен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласынан тұрғын үйге қуаттылығы 270 квт болатын қатты отынмен жылытатын KT-270 маркалы пеш сатылып алынып, арнайы мамандандырылған бригаданың көмегімен монтаждау жұмыстары толық аяқталып 10 желтоқсанда сағат 17:00-де 32 пәтерлі 4 қабатты тұрғын үйде штаттық режимде жылу берілді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында «Крещение Господне» мерекесін тойлауға арналған 7 орын анықталды

Православиелік қауым үшін «Крещение Господне» мерекесі қазақтың «Қадыр түні» іспеттес. Наным-сенімдерге сүйенсек, жер бетіндегі суға қасиет дарып, түрлі сырқат атауынан сауықтыратын бұл мейрам қаңтардың 18-нен 19-на бет бұрған түнінен басталмақ.
Жетісу облысы

Жетісу облысында Антикор 10 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқығын қорғады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Саян Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Сыбайлас
Жетісу облысы

Жетісу облысының бірнеше тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

2004 жылы 23 қаңтарда Ескелді ауданында ауыр қаржылық қылмыс орын алды. Аталған ауданның «Қазпочта» ААҚ кассирі Гүлбану Бәзілбаева Қанат Исабаевпен сөз байласып, қызмет бабын асыра пайдаланды және зейнетақы мен жалақыға
Қоғам

Жетісу облысында 11 мыңға жуық адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде қызылша ауруымен сырқаттанушылар саны өсіп келеді. Жетісу облысында жыл басынан, 556 жағдай тіркеліп, оның 381-і расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев журналистермен өткен баспасөз
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *