Без рубрики

Жетісу облысында 214 адам қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқан

Жетісу облысында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Жыл басынан алғашқы нақтамамен 635 жағдай тіркеліп, оның 454-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Айта кетерлігі сырқаттанғандардың 81,7% бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Облыста қызылша сырқаттанушылығын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Жоспарлы түрде 1 және 6 жастағы балалар қызылшаға қарсы екпе алып, жұқпа ошақтарында қызылшаға қарсы екпелері жоқ немесе иммундық статусы белгісіз 30 жасқа дейінгі қарым-қатынаста болған адамдар егумен қамтылып отыр. 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмеген немесе иммундық мәртебесі анықталмағандарға екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Өңірде қосымша жаппай иммундау бойынша бүгінде 21 275 адам қызылшаға қарсы екпе алған, яғни 40,2%. Оның ішінде 6-10 айдағы сәби – 2 587, 2-4 жастағы бала – 14 717, медициналық қызметкер – 3 156, 18 жасқа дейінгі тұрғын – 315.

«Қызылшаның алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін иммунизациялауға тиісті тұрғындардың 95 пайызы екпемен қамтылуы керек. Ұжымдық иммунитеттің жойылуы инфекциялық ауру ошағының өршуіне әкеледі. Сондықтан сәбилеріңіздің дені сау, жұқпалы аурулардан қорғалған болып өсуі үшін сапалы ас-ауқатпен тамақтандыру, дене жаттығуларына жеткілікті көңіл бөлумен қатар, уақтылы өз емханаңызда тексеріліп, дәрігер ұсынған екпелерді алып отырғаныңыз дұрыс», деп атап өтті Индира Саветқалиқызы.

Қызылша облыстың барлық аумақтарында тіркеліп отыр. Сырқаттанушылық деңгейі Талдықорған қаласы мен Алакөл ауданында жоғары. Облыста вакцинациядан 214 адам бас тартқан.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысында қызылшаның 3000-ға жуық жағдайы тіркелді

Қазіргі таңда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі . Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында денсаулық сақтау басқарма басышының орынбасары Онғарсын Байұзақов пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады.
Без рубрики

«Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  қолдауымен биылғы жылдың қараша айына дейін «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда. Бұл жайлы аталған бірлестіктің  үйлестірушісі Дархан Асқанбаев пен жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы
Без рубрики

Жетісу облысында екпеден бас тартқан балалар жаппай қызылша жұқтырып жатыр

Жетісу облысында қызылша әсіресе вакцина алмаған балалар арасында көп тіркеліп жатыр. Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының дерегінше, жыл басынан бері қызылшаның 255 жағдайы тіркелген, оның 186-да сырқат зертханалық жағдайда
Без рубрики

Балқашта балық аулағандар 549 мың теңге залал келтірген

[ad_1] Мұны Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.«Балықшылар табиғатқа келтірілген 548 мың теңгеден астам залалдың орнын толтыруы қажет. Рейдтік шаралар әлі де жалғасады», – делінген хабарламада. [ad_2]
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *