ҚоғамЭкономика

Жетісу облысының экологиялық жағдайы мүшкіл

«Жасыл ынтымақтастық» қоғамдық бірлестігі экологиялық білімді дамыту және насихаттаумен, көпшілік көзін табиғат ананы аялап, қоршаған ортамызды қоқыс қалдықтарынан қорғауға бұрады. Аталған бірлестік 2022 жылдың жазында құрылған. Экологиялық, туристтік мәдениетті қалыптастыру бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалары мен ұсыныстарын экобелсенді, журналист Алия Ахмедиева және экобелсенді, «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас, Ғылым кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы Эльмира Букенова толықтырды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен қоғамның алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру атты маңызды міндет тұр. 2022 жылдың қазан айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне бет бұрысында облыстағы туризмді дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ, өңірдің экологиясына қамқорлық қажеттігін атап өткен болатын.
«Мемлекет басшысы Алакөл мен Балқаш көлдерінің, Алтын Емел, Жоңғар Алатауы ұлттық саябақтарының және басқа да бірегей табиғи нысандардың туристік әлеуетін нұсқады. Өкінішке орай, бүгінде Жетісу өңірінде инфрақұрылым дамымаған. Жол бойындағы өркениетті қызмет іс жүзінде жоқ, демалушылар үшін қолайлы жағдай барлық жерде бола бермейді. Көптеген демалыс аймақ орталықтарында тағам мен сусындарды сату бәсекелестігі жоқ. Осының салдарынан туристер азық-түлік тапшылығын сезініп, тамақ іздеп айналаны аралайды. Мысалы Алакөл тұрғындарының әңгімесіне сүйенсек, туристер тірі қой сатып алып, малды жағада сойып, қалдықтары құмға көміліп жатады. Сондай-ақ, мониторинг барысында көл маусымының жоғарылауы кезінде азық-түлік бағасы 100-200%-ға қымбаттағанын анықтадық. Бүгінгі күнге дейін Алакөл жағалауындағы демалыс орындарының барлығы дерлік қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша міндетті экологиялық тексеруден өтпеген», — дейді Алия Ахмедиева.
Сонымен қатар оқытушы спикеріміз Қаратал, Көксу, Лепсі және басқа да су қоймаларының жағасында стихиялық туристік орындар көптеп кездесетінін және демалуға келген адамдар артынан таудай қоқыс қалдыратынын жеткізді. Бұндай орындарды санақтан өткізіп, жүйелеу керек. Экологиялық ағарту шараларын жүзеге асырып, халық арасында экологиялық мәдениетті дамыту мәселелерінің шешімін табуымыз керек дейді ол.
Ал «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас өз сөзінде:
«Президентіміз облыс алдына Жетісу өңірінде туризмді дамыту жөнінде ауқымды міндет қойды. Осы салаға шетелдік және басқа да инвестицияларды тартуға байланысты үлкен мәселелерді шешумен қатар, туристік аймақтарда тұратын қарапайым халықты да ұмытпаған жөн. Олардың мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, туристік маусымда нәпақа табуға мүмкіндік беру керек. Өз кезегінде олар жергілікті табиғат пен қоршаған ортаны үш есе күшпен күтетін болады. Себебі ешкім өзі отырған бұтақты шаппасы анық», — деп баяндамасын түйіндеді.
Айта кетейік, аталған бірлестік қоршаған ортаны қорғауды бала күннен қолға алу мақсатында мектеп оқушылары арасында сурет, постер байқауын өткізуде. Байқауға кез келген шығармашылық жұмысты NPO ecojetisy@gmail.com электрондық поштасына жіберу арқылы қатыса аласыз. Сайыс қабылдауы 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады. Ал қорытындысы 20 желтоқсан күні шығарылады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталып, сонымен қатар оқушылар сарайында көрме ұйымдастырылады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларын «Европротокол» жүйесі бойынша тіркеу басталды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда полиция мен сақтандыру компаниясын шақырмай-ақ, «Европротокол» қосымшасы арқылы жол-көлік оқиғасын онлайн тіркеуге болады. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен БАҚ
Қоғам

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келді

Жетісу облысына  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек арнайы іссапармен келіп, жұртшылықпен жүздесті. Жиында өңірдегі спорттың дамуы жөнінде сөз қозғалып, саладағы кемшіл тұстар да айтылды. Жыл басынан бері Жетісу
Қоғам

Алматы облысында 2200-ден астам радиотехника есепте тұр

Бұқара жылдам интернетті талап еткенімен, кейбірі байланыс операторларының арнайы мұнараны орнатуына қарсылық көрсетеді. Ғылыми түрде радиофобия деп аталатын, бұл қорқыныштың қоғамға әсері қандай? Алматы облысы өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен
Қоғам

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының сарбаздары қаржылық сауаттылықтарын арттырды

Жоба аясында өңірде жалпы 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауатын арттырды. Бүгін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты оқыту бойынша ауқымды жоба жалғасты. «Бүгін аманаттықтар
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *