Қоғам

Жетісу облысында биыл қыс мезгілінде 4 адам суға кетіп, екеуі әлі табылмаған

Облыста әрқилы демалыс түрлеріне пайдаланылып жатқан 43-тен аса ірі ашық су қоймалары бар. 2022-2023 жылдар аралығында Алакөл және Панфилов ауданында 4 адам су айдынында мерт болып, 2-уі әлі табылмаған. Тұрғындар арасында осындай жағдайлардың алдын алып немесе төтенше қауіпке тап болмас үшін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңына Жетісу облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан Тыныбек Бағдат Тыныбекұлы және облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Әлібай Сағади Асхатұлы мен жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Найзабеков Берік Темірханұлы келді.
«Қысқы аңшылық пен балық аулау маусымы басталғалы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін өңірде 750-ден астам рейдтік және патрульдік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 8 азаматтың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 412-ші яғни, «Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау» бабына қайшы әрекеттерін байқадық. Аталған заң құзіреттілігі бойынша тұлғаларға 120 750 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді Бағдат Тыныбек.
Ал қысқы кезеңдегі жол жүру желісі жайында Берік Найзабеков:
«Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл автокөлік қар құрсауында қалады. 2022-2023 жылдар арасында бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша 16 жағдай тіркелді. Жұмыс нәтижесінде 80 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала және 3-еуі шет ел азаматтары. Ал 24 адам төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланып, 14 бірлік техника шығарылды. Өңірімізде 2 трассалық-медициналық құтқару пункттері бар, олар қажет болған жағдайда жылыту пункттері ретінде де пайдаланылуда», — деп баяндады.
Баяндама соңында ТЖД қызметкерлері тұрғындарды қыс мезгілінде жол жүру мен мұз айдындарында аса сақ болуға шақырды. Қауіпсіздік шараларын ұстанып, егерде оқыс оқиғаға тап болған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалуын сұрады.

Shares:

Related Posts

News

Достық дәмі: ұлттық тағамдар фестивалі Талдықорғандық NIS – те өтті

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Достық дәмі» ұлттық тағамдар фестивалі өтті, онда мектеп командалары дәстүрлі ұлттық тағамдар көрмесін ұсынды. Қазақтың құрты және бешбармағы, каравай, орыс құймақтары, татар халқының бәліші және
Қоғам

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да
Қоғам

Шағын отбасылық жатақханалар мен хостелдер арасында өрт қауіпсіздігі бойынша өткен сынақтан жетіспеушіліктер байқалды

Өрт сөндіру  және жергілікті полиция  қызметкерлері «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 13-17 қараша аралығында облыс бойынша 36 нысанға рейд жүргізілді. Айта кету керек, олардың жартысына жуығында адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп
Жетісу облысы

«NAZ-I» премьералық қойылымы Талдықорған қаласында

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, Алматы қаласының «JOL» театры Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрына гастрольдік сапармен келеді. Сіздерді сәуір айының 17-сі күні Мар Байджиевтің «Махаббат жағалауы» пьесасының негізінде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *