Қоғам

Алматы облысы: Аманаттықтар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеді

Өңір бойынша азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру мақсатында партия жанынан мониторинг топтары жұмыс атқаруда.

«Жыл басынан бері мониторинг топтары 749 нысанға барды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында біз кейбір сауда орталықтары мен үй маңындағы дүкендерді араладық. Ірі сауда нүктелерінде тауарлардың кейбір түрлеріне бағаның өсуі байқалады. Талдау көрсеткендей, пияз, қырыққабат, ұн, айран секілді өнімдердің мамыр айларында бағалары жоғарылғаны байқалды», – деді партияның Алматы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Амангелді Сембаев.

Аманаттықтар атап өткендей, сауда нысандары әлеуметтік маңызы бар 20-ға жуық азық-түлік тізбесіндегі тауар бағасының өсуіне жол бермеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олар өңірлік бәсекелестікті қорғау және дамыту депараменті немесе тұтынушылар құқығын қорғау департаменті сияқты құзыретті мемлекеттік органдардан айыппұл арқалауы мүмкін.

Сонымен қатар, облыста 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының уәделерін орындау барысын жүйелі бақылап отыру үшін 38 партиялық бақылау бекеттері бар. Бұл ең алдымен орындалмау қаупі бар әлеуметтік нысандарда ашылды. Баннер шағым немесе өтініш жіберуге болатын жауапты тұлғаның байланыс нөмірлері орнатылған.

«Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуіне мониторинг жұмыстарын жүргізу. 40-қа жуық бекетке комиссия мүшелері айына бір реттен барып жұмыс сапаларын тексереді», – деді Амангелді Сембаев.

Айта кету керек, биыл партиялық бақылау комиссиясы облыста көтерілген 12 резонанстық мәселеге назар аударып, оның шешілуіне атсалысты.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Бұл қадам заңды тұлғалар басшыларына, құрылтайшыларына, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының қаржылық жағдайы туралы ақпараттың ашықтығы мен
Қоғам

Талдықорған драма театры 60 мыңнан астам көрерменнің көзайымына айналды

Жыл басынан бері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында көптеген тың жаңалықтар орын алды. Өнер ұжымының жеткен жетістіктері де аз емес. Халықаралық  фестивальдерге қатысып биік белестерді бағындырып жүр.  Орны  бөлек
Жетісу облысы

Жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер

Қазір жасанды интеллект – әлемдік тренд. Біздің қоғам цифрландыруды қолдану мен жасанды интеллектіні бағындыруда уақытпен бірге, көштен қалмай келеді. Қай саланы алып қарасаңыз да, цифрлық бағдарламаларға, жасанды интеллектіні қолдануға талпыныс
Жетісу облысы

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына Жетісу өңірінің 203 мыңға жуық баланы тіркеді

Еліміздегі барлық балалардың есепшотына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы жинақтары түсті. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 миллион 920 мыңға жуық. Оның ішінде Жетісу облысында 2023 жылдың 31
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *