Қоғам

Қаскелеңде қоқыс қыркүйектен бастап шығарылмаған: қала әкімі ескерту алды

Бұл туралы аудандық AMANAT партиясы Партиялық бақылау комиссия отырысында айтылды.

Қарасай аданының орталығы қыркүйектен бері қоқыстан тазартылмаған. Ал мұнда 80 мың халық тұрады.

«Қаскелеңде қоқыс шығарылмағалы бірнеше айдың жүзі болды. Контейнерлердің барлығы лық толып тұр. Оның иісі танауды жарады. Көшелерде қолданылған дәретхана қағазы, полиэтилен пакет сияқты қоқыс ұшып жүр. Қалғанын ит-мысықтар шашып кететінін көріп жүрміз», – дейді аудандық депутат Василий Тен.

Фото: ашық дереккөзден

Депутаттың бұл пікірімен жергілікті тұрғындар да келісіп отыр.

«Әр аула үлкен қоқыс үйіндісіне айналған. Әркім қоқысын кез келген бұрышқа төгіп кететінді шығарған», – дейді есімін жасыруды сұраған тұрғын.

Өз кезегінде отырыс барысында Қаскелең қаласының әкімі конкурс арқылы таңдалған серіктестіктің жұмыс істеуден бас тартқанын айтты.

«Тендерді «Тазалық» ЖШС ұтып алды. Бірақ, компания басшылығы жұмыс көлемінің көп екенін айтып, коммуналдық қызмет көрсетуден бас тартты. Қазір біз басқа компанияларды қаланың тазалығын ретке келтіру үшін тартып жатырмыз», – деді қала әкімі Асқар Мұқашев.

Аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бекжан Сүнбеков серіктестікке ешқандай талап қоя алмағаны үшін әрі қоғамдық резонанс туғаны үшін қала әкіміне ескерту берді.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында «Visit Zhetysu — 2023»  форумы өтті

Жетісу облысының туризмін насихаттаушысы Visit Zhetysu орталығы ұйымдастыруымен туризмді дамытып,  туризм саласында еңбек етіп жүрген ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Visit Zhetysu - 2023»  форумы өтті. Аталған шара БАҚ өкілдерімен
Қоғам

Талдықорғанда құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды

Талдықорған прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған. "Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға
Жетісу облысы

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады. Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс
Қоғам

20 миллионыншы қазақстандық Жетісу облысында дүниеге келді

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің 20 миллионыншы тұрғынымен құттықтады.  «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *