News

Жетісу облысында 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақтылық тенденциясы байқалады. Өңірде алғашқы нақтамамен 835 жағдай тіркеліп, оның ішінде 593  зертханалық расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында баяндап берді.

«Жетісу облысында 100 мың халық санына шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 90,5 (ҚР — 156,7). Сырқаттанушылық облыстың барлық аумақтарында тіркелді,  жоғары деңгейі Талдықорған қаласында (117,4 және 231 жағдай) және Алакөл (152,8 және 100ж.) , Панфилов ауданында (89,6 және 112 жағдай). Расталған жағдайлар арасында жас көрсеткіштері бойынша басым көпшілігін 5 жасқа дейінгі балалар – 56,7%. Жетісу облысы бойынша расталған жағдайлардың 80,4% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған», деп атап өтті Асхат Чарапиев.

Облыста 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаумен қамтылды. Оның ішінде 6-10 айдағы балалар 3924, 2-4 жастағылар 27893, медициналық қызметкері 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғын 5640. Облыста екпе алғандар саны күн сайын артып келеді.

«Вакцинацияға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы комбинирленген вакцина қолданылады. Бұл үндістандық препарат препарат «Serum Institute of India», ДДҰ-мен сертификатталған және Қазақстан Республикасында тіркелген. Бұл вакцина елімізде 2007 жылдан бері қолданылып келеді. Осыған қарамастан егуден бас тарту жағдайлары кездеседі, бас тарту себептері әр түрлі: жеке көзқарасына байланысты, діни сенімдерге байланысты, вакцинаға сенбеуден, бұқаралық ақпарат құралдары, басқа көздерден алған ақпарат негізінде»-, деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 95% вакцинациялануы қажет. Осы көрсеткішке жеткенде сырқаттанушылық төмендейді. Бұл халыққа байланысты. Сондықтан эпидемиолог мамандардың айтуынша, медициналық шектеулер болмаса, екпе алған дұрыс.

 

 

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысы: Шомылу маусымы басталғалы құтқарушалар 14 азаматты құтқарды

Адамдардың қаза болуына рұқсат етілмеген аумақта суға түсу, қауіпсіздікті сақтамау, мас күйінде шомылу себеп болып отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Разакулов
News

Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?    

Шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК қаражаты
News

«Аңсаған сәби»: Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

Денсаулық  сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532  отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *