Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық қалаулыларының алдына көмек сұрай келген зейнеткер Сапар Иманғалиевтің айтуынша, көшеде адамнан гөрі қаңғыған ит көп.

«Көшенің бойы тола қаңғыған иттер. Кішкентай балаларға зияны тиіп кете ме деп қорқамын. Базар маңында 15-тен аса итті санап шықтым. Оларға бір шара қолданса екен деймін. Жоғары жаққа жеткізіп, осы мәселе шешімін тапса», – дейді зейнеткер.

Мәжілісмендердің айтуынша, еліміздің аймақтарынан бұралқы иттер туралы шағым үнемі түсіп тұрады. Қазіргі уақытта мәселе рес­публика көлемінде көтеріліп, мәжілісте қаралуда.

Ал Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Жұмағали Кемертоған ауылының өзекті мәселелерін атап өтті.

«Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Небәрі 4,7 шақырым жолдың ой-шұңқыры көп. Жел сәлкүш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Онымен қоса электр энергиясының бағасы бір киловатт үшін 35 теңгеге дейін жетеді. Бұл өте қымбат. Ал 5 мыңнан аса бала оқитын ауыл мектебінің толып кету мәселесі тағы да толғандырады», – дейді тұрғын.

Мәжіліс депутаттары жағдаймен жіті танысып, аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылы Қарасай ауданында 6 мектеп ашылды. Ал Кемертоған ауылында үшауысымды мектептің мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 1500 орындықты 2 мектеп салу жоспарланып отыр.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғандағы қатты тұрмыстық қалдықтарға байланысты даулы мәселеге қатысты нақты жауап берді

Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шыққан еді. Аталған мәселені
Қоғам

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде ауызашар дастарқаны жайылады

«Ораза тұтқан жандарға облыстық «Қапшағай» мешіті атынан күн сайын 120 адамға ауызашар дастарқаны жайылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы айтты. Дін қызметкерінің
Жетісу облысы

Мәртебелі театр – өркениеті өскен елдің еншісі

Бүгін 27 наурыз - Халықаралық театр күні. Бұл мереке ғұмырын сахнада өткізетін әртістердің ғана емес, өнерсүйер қауымның төл мейрамы. Мереке қарсаңында облыстағы өнер ордасының қарашаңырағы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының
Жетісу облысы

2025 жылы Жетісу облысында 6 сауда нысанын жаңарту жоспарлануда

2025 жылы Жетісу облысында сауда нарықтарын жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында алты сауда нысанын жаңарту жоспарланған. Жұмыстар Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бекіткен Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *