Жетісу облысыҚоғам

«55 жастан бастап төленеді»: Зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы төлем енгізілді

1 қаңтардан бастап арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және төлеуді тоқтату қағидалары күшіне енді. Оны алуға кімдер сенім білдіре алады? Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуниациялар ақпараттық алаңында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Абдалиев пен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Мәулен Сүлеймен айтып берді.
Спикерлердің айтуынша, аталған қағидаға байланысты жас шектеуі бар. Мәселен, 55 жасқа толған ел азаматтары жәрдемақы алуға сенім білдіре алады. Олар осы жасқа толғанға дейін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда кемінде 7 жыл жұмыс істеген (кәсіптер уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмысшылар кәсіптерінің тізбесінде көзделген). Қазіргі уақытта 491 мың қазақстандық зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді.
«Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті атап өту маңызды. Бұл мемлекет, жұмыс беруші, өмірді сақтандыру компаниялары және жұмысшылардың өздері. Сондықтан төлемдердің 4 көзін анықтау ұсынылады. Біріншіден, мемлекет тарапынан оның көзі республикалық бюджет есебінен айқындалады. Екіншіден, сақтандыру компанияларының төлемдері. Төлем сомасын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 деңгейінде, яғни, 86 мың теңгеден сәл артық мөлшерде анықтау ұсынылып отыр. Бұл сома жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуімен индекстелетін болады. Әлі де зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы 50 жастан бастап өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдалана алады. Мұны 4,4 мың адам пайдаланды», — деп түсіндірді департаменті басшысының орынбасары.
Жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорация арқылы яғни жергілікті жерлердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беру арқылы жүгінуге болады.

Shares:

Related Posts

Қоғам

1 желтоқсаннан бастап көлік иелеріне айыппұл салынады

Темір тұлпар тағасын қысқа дайындамаған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың соңына дейін сақталып, 2024 жылдың алғашқы күнінде салық саны артады. Осы жайында Жетісу облысы ІІД
Жетісу облысы

Ұтыс сертификаттары табысталды

Үшарал қаласы, №45 дауыс беру учаскесінде 500-інші болып Эльмира Қажығалиева дауыс берді. Эльмира Қажығалиеваға 500-інші болып дауыс бергені үшін ұтыс ойындарын ұйымдастырып, «Zhohan’s sushi&pizza» кафесінен «Big mama» сетіне арнайы сертификат
Жетісу облысы

«Босс-Молокосос» Талдықорғанда таңдау жасады

Бүгін Талдықорғандағы жалпыхалықтық референдумға «Босс-Молокосос» қатысты. Арнайы кейіпкер киімін киген жастар дауыс беріп қана қоймай, сайлау қатысушыларына осындай ерекше көңіл күй сыйлап, өз пікірін білдірді. «Референдум - қазақстандықтар үшін маңызды
Жетісу облысы

«Малайсары» футбол командасы референдумға қатысты

Кербұлақ ауданын республикаға, тіпті шетелге танытып жүрген жағажай футбол командасының ойыншылары арнайы спорттық киім үлгісінде №185 сайлау учаскесінде бір кісідей дауыс берді. Ар-намысты биік қойған азаматтар Отан алдындағы маңызды қадам
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *