Жетісу облысыҚоғам

ЕЛ ДАТЫ ДЕПУТАТ НАЗАРЫНДА: Облыстық Жетісу телеарнасында «Депу-дат» бағдарламасы ашылмақшы

30 жылда облыстағы Мәслихат депутаттары өткерген өрелі істер ұшан теңіз. Мінбедегіге ел үнін уысына жинап тамшысын төкпей жеткізетін жандардың алдағы атқарар міндеті де аз емес. Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңына Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева келіп, ордалы жасқа орай ұйымдастырылған игі істері жайлы баяндады.

Халық қалаулылары жыл басын «Өзгеге өмір сыйла» тақырыбында мұқтаж жандарға қан өткізу арқылы бастаған. Сондай-ақ, жаңа жылдың алғашқы күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын құттықтап арнайы сыйлықтар табыстады.

«ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл» кубогі үшін тхэквондодан республикалық ашық турнирін және тірек-қимыл аппаратының ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге арналған бочча ойынын өткізуді жоспарладық. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының халықпен тығыз байланысын қалыптастыру үшін БАҚ өкілдерімен тікелей жұмыс жасаудамыз. Қазіргі таңда «Өзекжарды», «Бүгін», «Таңжарық» сынды бағдарламаларға депутаттар тұрақты түрде қатысып, тікелей эфирлерде қоңырау шалып сауал жолдаған кез-келген тұрғынға толымды жауап беруде. Облыстық Жетісу телеарнасында «Депу-дат» бағдарламасы ашылмақшы. Ол жерде апта сайын бір депутат ел датын тыңдап, жүзеге асырады.», — дейді Гүлнәр Тойлыбаева.

Баяндама аяғына таяу ақпараттық алаң қонағы БАҚ өкілдеріне арнап байқау ұйымдастырғандарын айта кетті. Оған Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе одан тыс авторлар қатысады.

Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
«Үздік баспа материалы» (ақпараттық мақала, очерк, эссе, сараптамалық шолу, репортаж, сұхбат);
«Үздік теледидар материалы» (жаңалық сюжет, телеочерк, сараптамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, деректі фильм);
«Үздік оператор» (бейнематериал) (аймақтық БАҚ қызметкерлері үшін);
«Үздік фотосурет» (аймақтық БАҚ қызметкерлері үшін);
«Үздік интернет БАҚ-тағы материал» (ақпараттық мақала, очерк, эссе, сараптамалық шолу, репортаж, сұхбат);
«Үздік блогер» (әлеуметтік желілердегі блогерлер).

Үміткерлер тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2024 жылғы 4 қаңтардан бастап 2024 жылдың 1 маусымы аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал ұсынылуы тиіс. Байқау қорытындысы 28 маусым күні яғни дәл журналисттер күні шығып, жеңімпаздар дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ САРБАЗДАРЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де қалыс қалмай, өз дауыстарын берді. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тағдырын шешетін бұл науқаннан тыс қалмады. Құқықтық тәртіп әскерінің жеке
Қоғам

Алматы облысында 23 заңсыз құрылыстың ісі сотқа жолданды

Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген кешенді тексерістер нәтижесінде құрылыс нормалары мен ережелерінің жүздеген бұзушылық фактілері анықталды.
News

Сарқан ауданының Екіаша ауылында Мұқағали Мақатаев дауыс берді

Республикалық референдум күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағалимен аттас Екіаша ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқағали Мақатаев №356 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. «Референдумда халық болып бірлесе шешім қабылдаймыз. Мен бұл маңызды
Жетісу облысы

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *