Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары Ұйғыр ауданында қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдау барысында ауыл тұрғындары жер, су, жол, газ мәселелерін көтер

Алматы облысынв жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов, Максим Рожин Ұйғыр ауданындв атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысып, қоғамдық қабылдау жүргізді.

 

«Мемлекет басшысының елімізді дамыту үшін ең әуелі патриотизм, онан соң кәсібилік, яғни білім қажет екенін айтқаны кімнің болса да көкейіне қонады. Ендеше әр азамат осы мақсатта, осы жолда еңбек етуі керек. Бүгінде ауданымыз алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл – жетістік. Инвесторлар да ауданмызға келуде. Тұрғындарымыздың көбі мемлекетке алақан жайып емес, өз күнін көруге талпынуда. Бірақ проблемалар көп. Мысалы биылғы жылдан бастап бастауыш сынып оқушылары түгелдей ыстық тамақпен қамтылмақ. Қуанарлық жайт. Бірақ таяқтың екі ұшы болғаны сынды, бұл мсәселеде де шешілмеген жай бар. Ол асханаларда кімдер жұмыс істейді? Ол мамандардың сауаты, білімі бар ма? Әлде асхананы жалға алушылар арзан жұмыс күші ретінде кім көрінгенді көшеден әкеліп жұмыс істетеді ме? Ертең осындай жағдайлар болса, бала денсаулығына кім жауап береді? Міне, біз осы мәселелерді назардан шығарып алдық. Сондықтан мұны Үкіметтің алдына қою қажет», – дейді Тиляпжан Рахмаев.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

«AMANAT»: Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев азаматтарды қабылдады

Өңір басшысының орынбасары «AMANAT»партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың түйткүлді мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуде аймақ тұрғындары әртүрлі мәселелерді көтеріп, шешімін табу үшін өз ұсыныстарын білдірді. Мәселен, Кеген
Жаңалықтар

Есірткі өндірушілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айылуы мүмкін

Қазақстан Республикасының Президентімен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойылды, биылғы жылдың үшінші науырызында күшіне енеді. Жаңа заңға сәйкес, «есірткі жасырушылар» Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Жаңалықтар

2025 жылы Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

  Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кең ауқымды мерекелік шаралар өтеді. Қонақтар үшін театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, концерттер мен ерекше мәдени перформанстар ұйымдастырылады. Облыс әкімінің бірінші
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *