News

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына бір жыл ішінде 36 000 науқас жүгінді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы — Алматы облысы мен Алматы қаласы тұрғындары үшін жетекші медициналық қызмет көрсету орталығы болып есептеледі. Клиникада мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде ең күрделі ауруларды уақтылы диагностикалау және емдеу мүмкіндігі бар.
Аурухана заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталған.

Дәрігерлердің арсеналында компьютерлік томограф, стационарлық рентген-диагностикалық «Ардилгност», «Дорниер» медициналық лазерлік жүйесі, «ангиограф-Аллюра», рентгенологиялық және ангиографиялық жүйесі бар ЭОП электронды-оптикалық түрлендіргіші, заманауи анестезиялық аппараттар, жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған көліктік инкубатор және эндоскопиялық тіректер бар.

Қолданыстағы жабдықтар медициналық қызметкерлерге науқастардың патологиялық жағдайын тез және тиімді диагностикалауға мүмкіндік береді.

«2023 жылы ауруханаға отыз алты мыңнан астам науқас келіп ем алды. Олардың арасында Кеген ауданында жаппай апаттан зардап шеккендер, жүктілік патологиясы бар әйелдер және ауыр жарақаттары бар науқастар болды. Дәрігерлер Алматы облысының тұрғындарына ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен, тіпті шет елден келген азаматтарға барлық қажетті медициналық көмекті үздіксіз көрсетіп отырды. Жалпы, дәрігерлер 13 мыңнан астам науқасты стационар шеңберінде және 13 мың науқасты амбулаториялық жағдайда емдеп, бір жылда 7000 мың ота жасады», — деп бөлісті АККА директоры Эльмира Берикова.

Айта кетейік, АККА дәрігерлері өздерін жоғары технологиялық медициналық көмек бағыты бойынша жақсы жағынан көрсетіп, медициналық ұйымдар арасында көшбасшылар қатарына енді.

«2022 жылы біз 12 бағыт бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетсек, бүгінгі таңда бұл бағыт 27 түрге ұлғайды, бір жыл ішінде барлығы 205 ота жүргізілді. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Биыл біз жоғары технологиялық медиицналық көмектің көлемін 30% — ға арттырдық», — дейді директор.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысының жастарына жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

  Бұл жоба 35 жасқа дейінгі облыс жастарына жеңілдетілген несие арқылы баспана алуға мүмкіндік береді. Өтініштер 2024 жылдың 1-15 қазан аралығында қабылданады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы
News

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 365 азамат анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін 8-13 сәуір аралығында «Мигрант және Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға 181 полиция қызметкері жұмылдырылып, 365 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 238 шетел азаматтарына қатысты және
News

Мемлекет тарапынан газ толтыру пунктеріне субсидия беріледі

Өңірде сұйытылған газды тиімді пайдалану мақсатында, газбен жабдықтау нысандары есепке алынады.Бұл туралы баспасөз мәслихатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
News

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз 1536 жағдай тіркеліп, оның 1176 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 51 552 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 5732, 2-4 жастағы бала – 32 541, медициналық
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *