Жетісу облысыҚоғам

2030 жылы Жетісу облысында толықтай газдандыру жұмысы өз мәресіне жетеді

2023 жылдың сәуір айында Жетісу облысының экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасы әзірленді. Бекітілген құжаттар бойынша қарастырылған 7 бағыттың өрбу жолын көрсету үшін өңірдегі журналистер үйіне Жетісу облысы экология департаменті басшысының орынбасары, бас мемлекеттік экологиялық инспектор Жанасыл Сабырұлы, өңірлік табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Қанат Дәурембеков пен облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев келді.
«Қарастырылған шараның екеуі өз мәресіне жетті. Олар су қорғау аймақтары мен белдеулерін белеу және жасыл желектерді отырғызу жұмыстары. Ал елді мекендерді көгілдір отынмен қамту бойынша ішінара орындалғанын айтқымыз келеді. Жалпы облыс аймағын түгелімен газбен қамту жұмыстары 2030 жылға дейін толығымен жүзеге асырылады. Бұл жобалар департамен тарапынан тұрақты бақылауда болады» — дейді Жанасыл Сабырұлы
«Былтырғы жылы атмосфералық ауаға шекті рұқсат етілген шығарындылардың жылдық лимиті 52 мың тонна болса 12 ай аяғында көлемі 13,5 мың тоннаны құраған.Төгінділердің нақты саны 7,3 мың тоннаға жеткен, ал жылдық лимиті 10,2 мың көлемінде. Қалдықтарды орналастыру 1160,2 мың тонна лимиттің 107,2 мың тоннасына жеткен. Шығарындылардың, төгінділердің, қалдықтарды орналастырудың көрсеткіштері төмендеуіне Жетісу облысы әкімдігінің табиғат қорғау шараларын қаржыландыру нәтижесінде қол жеткізілуде» — деді Қанат Дәурембеков өз сөзінде.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі -Геопортал арқылы 149 қалдықтарды стихиялық орналастыру орындары анықталды. ЖАО деректері бойынша – 97% яғни 145 координат жойылды.
«Бұдан басқа, жоспарға сәйкес халықты қоршаған ортаның жай-күйі, облыстың экологиялық мәселелері туралы ақпараттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім мен ағартуды насихаттау бойынша іс-шаралар өткізілді. Бұл бағытта облыстық, аудандық, қалалық БАҚ және теледидарда белсенді жұмыс жүргізілді», — деп қорытындылады Айдос Бекетаев.
Shares:

Related Posts

News

ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТ

Биыл азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 29 жыл. Төтенше жағдайлар саласында қызмет істейтін мамандардың үнемі қауіпке бастарын тігіп жүретіні белгілі. Жетісу облысында құтқарушылар жыл басынан бері 200-ге жуық жанды түрлі апаттан
Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде дауысын берді. Мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалғанды жөн көрмеген жас жігіт,
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда

5 ақпаннан бастап жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізіледі. Еліміздегі  17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын бұл
Қоғам

Алматы облысында алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күні.  Бұл, аумалы-төкпелі заманда қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың дархан халыққа білдірер ізгі ниеті мен ілтипатының  негізі болған күн. Аталмыш мереке елімізде қатарынан
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *