Жетісу облысыҚоғам

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа білімгерлерді күтеді

Жетісу облысы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Назарбаев зияткерлік мектебі оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек пен аталған мектептің 10 сынып оқушысы Ділназ Бурахан келіп, жаңа оқу жылына арналған білім беру гранты жайлы әңгіме өрбітті.
«Өмір бойы білім алуға, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті тұлғаның сәтті дамуына ықпал ету – біздің басты миссямыз.», — деп бастады баяндамасын оқу-ісі жөніндегі орынбасар.
Облыс орталығындағы айтылған мектеп биылғы жылдың 8-ші қаңтарынан бастап 10-шы ақпанына дейін физика – математика бағыты бойынша 2024-2025 оқу жылына орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантына конкурс жариялайды.
«Білім беру грантын тағайындау 7-ші сынып оқушылары үшін қарастырылған. Үміткерлер комплекстік тестілеуден наурыз айының 28-і және 29-ы күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Оқуға түсу» — «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.», — дейді Қайсар Нұрбек.
Ділназ Бурахан мектебі жайында:
«Бүгінгі күні NIS-бағдарламасы A/As-level (Ұлыбритания), O-Level (Сингапур), Халықаралық Бакалавриат сияқты көптеген халықаралық бағдарламалармен салыстыруға болатын қазақстандық бренд болып табылады. Оқу қабырғасын тәмәмдағаннан кейін мен 12-сыныптың сертификатының нәтижесіне қарай 3 жылдық бакалавриат бағдарламасына түсуге мүмкіндігім пайда болады. Біздің білім ошағымыздың сертификатын халықаралық ұйымдар мен білім туралы сертификаттарды тану жүйелері (NARIC, ANABIN, UCAS, NUFFIC) және бакалавриат бағдарламаларына (Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Нидерланды) тікелей қабылдау үшін жетекші шетелдік университеттер (Германия, Гонконг, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б.)мойындайды. Сол себепті Назарбаев зияткерлік мектебінде оқудың оңтайлы тұстары көп», — дейді баяндама соңында.
Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Неліктен бізге кассалық машиналар керек?

ҚР Салық кодексінің 166-бабында қолма-қол ақшамен есеп айыры-суды және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем карточкаларымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын пайдалану міндетті болып табылады деп көрсетілген.
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда

5 ақпаннан бастап жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізіледі. Еліміздегі  17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын бұл
News

Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу туралы сөз қозғалды

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында «Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу» жобасы туралы сөз қозғалды. Бұл  жоба негізінен «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешені» аясында патриотизм
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *