Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында шетелдік көліктерді заңдастырудың нәтижесі шықты

Облыста көліктерді заңдастыру жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде E-gov электронды порталы арқылы шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында полиция департаментінің қызметкерлері айтты.
Елімізге әкелінген барлық көліктер заңдастырылуы тиіс. Өткен жылы Талдықорған қаласында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге 826 азамат жүгініп, 680 көлік пен 517 көлік жасаушы кәсіпорын тіркелді. Мониторинг көрсеткендей, көліктердің көпшілігі Ресей (286), Қырғызстан (278), Армения (116) елдерінен тасымалданады.
Жетісу облысы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция майоры Саят Ибраимовтың айтуынша, егер шетелдік автокөлік әкелінгеннен кейін 10 күн ішінде тіркеуден өтпесе, ҚР 590-бабының 2-тармағына сәйкес «Міндетті түрде тіркеуден өтпеген автокөліктер» айыбы бойынша қамауға алынып, иелері ҚР Әкімшілік кодексінің 797-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
«2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш білдірген ел тұрғындарына көрсетілген мерзімнен кейін көліктерін заңдастыру құқығы беріледі. Жетісу облысында заңдастыру басталғаннан бері автокөлікті заңдастыру кезінде жалған тіркеу құжаттарын қолдану бойынша ҚР ҚК-нің 385, 386-баптарының 1-бөлігімен 8, оның ішінде 4 қылмыстық іс бойынша қылмыс құрамы болмауына байланысты өндіріспен тоқтатылды, 4 дерек Талдықорған қаласы ПБ Анықтау бөлімінің өндірісіне берілді», — деді Жетісу облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Диас Айнақұлов.

Shares:

Related Posts

News

Мектептерде қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жыл басынан аудандық, қалалық басқармалары прокуратура органдарымен бірлесіп 187 мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, барлығынан бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді.
Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463  дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол
Жетісу облысы

Жетісулық БАҚ өкілдері шекара аймағының тынысымен танысты

1967 жылы құрылған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Сарқан» шекара бөліміне қарасты «Басқан» шекара бөлімшесі тәуелсіз күн тұғыры мен ел қауіпсіздігін қалт жібермей күзетуде. Өз отбасынан
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *