News

Талғар ауданында 32 елді мекеннің халқы газға қосылған

 

Алматы облысындағы өндірісі өркендеген аймақ-Талғар ауданы.  Былтыр 9 бірдей жаңа өндіріс ошағы ашылып,  инвестиция көлемі 1,8 млрд. теңгеге жеткен, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда «Қайрат» индустриалды аймағы кереге жайған. Аумағы 198,3 га жерді алып жатқан индустриалды аймақта 11 жоба іске асырылады деп күтілуде.

«Қайраттағы» басты өндіріс орны — «Техно Николь — Орталық Азия» зауыты. Жоба құны 43,8 млрд. теңге болатын зауытта энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар өндіріледі.

Талғар ауданына қарасты өндірістік аймақта шойын және болат бұйымдарын шығаратын «SAFA INDUSTRIAL» зауыты жұмыс жасап тұр. Бұдан өзге,  «QazMetProduct» болат сым шығаруда. Тіпті, тау-кен техникасына арналған сауыттарды өндіру және сатуға арналған  «SUNLONG» цехыда ауданның эконоикасының дамуына өз үлесін қосудуа.  Өңірдегі өндіріс бұнымен тоқтамақ емес, алдағы уақытта 7 инвестициялық жоба жүзеге асады. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, жобалардың жалпы сомасы 35,4 млрд. теңге.

«Индустриалдық аймақтың белсенділігін және жаңа өндіріс орындарының ашылуы мақсатында қазіргі таңда әкімшілік тарапынан аймақтың жалпы ауданын 198 гектардан 345 гектарға кеңейтілуі көзделуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін болашақта индустриалдық аймақта 25-ке жуық кәсіпорындар іске қосылып, 3000-ға жуық жұмыс орындары ашылмақ»,-деп атап өтті Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков.

Экономикалық дамудың тағы  ірі  көрсеткіштерінің бірі – шағын және орта бизнес. Талғар ауданында   21 мың 179 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олар экономикалық белсенді тұрғындардың 30 пайызын  еңбекпен қамтып отыр. Аудан басшысының сөзіне сенсек, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 102 жоба жалпы сомасы 5,8 млрд теңге қаржылай қолдау тапқан. Өткен жылы 38 шағын және орта бизнес нысаны ашылды,   мұнда 222 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп,  2,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.

«Нарық   кезінде   экономиканың  өрлеуі    инвестицияның    өсуіне  байланысты  болады.  Ауданымызда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі — 105,3 млрд. теңге. Бұл 2022  жылмен салыстырғанда 28,1  млрд. теңгеге көп. Инвестицияның  81,4%  -ы кәсіпорындардың  өз қаражаттары  есебінен тартылғанын айта кеткен жөн»,-деді спикер.

Баспасөз-мәслихатында Таңат Есенгелдіұлы ауылшаруашылығы саласына тоқталды.   Сөзіне сүйенсек, бұл бағытта жылыжай ісі жанданған.  Ауданда 14 жылыжай шаруашылығы бар. Өткен маусымда 1,1 мың тонна өнім алынып, өсім 102,1%-ға жеткен.

Сонымен қатар, мал шаруашылығында да өндіріс артқан.  14,4  мың  тонна ет, 65,4 мың тонна сүт өндірілген. Бұл ретте «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі жүзеге асқанын атап өткен абзал. Аталмыш жоба аясында 24 жоба мақұлданды.    Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 3,1  млрд. теңгеге 2 инвестициялық жоба  іске қосылған жайы бар.

Өндірісі өркендеп, экономикасы тұрақты ауданда әлеумет үшінде бірқатар істер жүзеге асқан.  Мәселен, өңір халқының игілігіне өткен жылы  257,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Ал, биылға Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлік 5 тұрғын үйдің және  аудан бойынша 10 жеке тұрғын үй кешенінің іргетасы қалануда. Сонымен қатар, халыққа қажеттілердің бірі инфрақұрылым мәселесінің оң шешімін табуы.  Аудандағы 48 елді мекеннің 45-сі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.

«2023 жылы  Талғар топтық су құбырына Алмалық, Амагелді, Байбұлақ ауылдарының  су желелерін қосу жұмыстары аяқталып, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Шымбұлақ, Алтын Дән, Березка, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарының су желелерін қосу жұмыстары 2024 жылдың маусым айында аяқталады. Және де Ақдала және Кіші Байсерке ауылдарының су жүйесінің құрылыс жұмыстарына 258 млн.теңге бөлініп, ашық конкурс жариялауға құжаттар дайындалуда»,-деді өз сөзінде аудан әкімі.

Айтуынша, аталмыш жұмыстар толықтай орындалса, желілердің тозу деңгейі 82,0 %-ға төмендейді екен.     Таңат Айдарбеков, аудандағы елді мекенді газға қосу көрсеткіші 66,7%-ға жеткенін тілге тиек етті.  Бұл маңда 32 елді мекеннің халқы көгілдір отынға қол жеткізген. Бүгінде Еламан, Көктал, Қайнар, Арқабай ауылдарында   газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сөз соңында Таңат Айдарбеков, талғарлықтарды алаңдатқан негізгі нәрсе жылумен жабыдқтауға тоқталды.

« Жалпы, аудандағы 68 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту мақсатында 19 блокты-модульды қазандықты орнатуға жобалау жұмыстары аяқталуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда»,-деп қорытындылады аудан әкімі.

 

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

Елімізде IT мамандарына сұраныс артуда. Сол себепті өңірдегі цифрлық технологиялар басқармасы IT қауымдастықты дамытуға ден қойған. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай мен
News

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен мамандары уақыт созбай санитарлық авияциямен Нарынқол қаласына жол тартты. Жергілікті дәрігерлердің
News

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1286 жағдай тіркеліп, оның 937 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 52,5%. Жалпы, қызылшаның
News

Алматы облысы: су айдындарындағы су көлемі бақылауда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында вегетациялық кезеңге дайындық туралы талқыланды. Қазсушар РМК-ның Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Мейрам Арыстановтың айтуынша, аталмыш филиал өңірдегі 5 ауданға суармалы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *