Жетісу облысыҚоғам

Күзде қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынбақ

Елімізде 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу жұмыстары жоспарлануда. Екпені ата-ананың жазбаша келісімімен 2024 жылдың күзінен бастап Қазақстан Республикасының мектептерінде немесе тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша толығымен тегін алуға болады. Ал ересек жастағы вакцинаның бұл түрін алғысы келетін жандарға екпе ақылы негізде салынатын болады. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова айтып берді.
Адам папиллома вирусы — жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы, сондықтан аурудың 95%-ы осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус тасымалдау белгілі бір жағдайда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін.
Бүгінде жатыр мойны обыры — дамушы елдердегі әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктің бірі.
Мәселен, тек Жетісу облысында ғана өткен жылы жатыр мойны обырының 62 жаңа жағдайы анықталса, жалпы саны 555 әйел есепте тұр.
«Папиллома вирусы адамнан адамға тұрмыстық байланыс және жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін. Жатыр мойны қатерлі ісігі еш симптомсыз өтуі немесе жыныс жолдарынан кез келген қалыпты емес бөлініс, іштің төменгі бөлігіндегі және бел аймағындағы ауырсыну болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта әлемде АПВ вакцинасының төрт өндірушісі бар, олардың екеуі 2-валентті және біреуі 4 және 9-валентті. Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр», — деді департамент басшысының орынбасары.
Спикердің айтуынша, ең тиімді қорғаныс вакцинация. Әлемде бұл препаратқа сұраныс өте жоғары. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде АПВ вакцинасы енгізіліпті. Нәтижесінде бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90%-ға төмендеген.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Алматы маңында жаңа қала пайда болады: Қонаев әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев "G4 city" жобасына кіретін Заречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға Қонаев қаласының құрамындағы Заречный мен Арна ауылының халқы қатысты. Шаһар басшысы жобаның артықшылықтарын айтып, ауылдың
Қоғам

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да
Жетісу облысы

Кәмелетке толмағандар арасында 966 құқық бұзушылық анықталды

Уақытша оқшаулау орталықтарына 24 бала жеткізілді, үш әке-шеше, ата-ана құқығынан айырылды. Жасөспірімдер жасаған 5 қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты 15 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында спикер
Жетісу облысы

Текелі энергокешенінің жұмысшылары дауыс берді

Текелі қаласындағы № 449 дауыс беру учаскесінде «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС 17 жұмысшысы бір мезгілде күндізгі ауысым кезінде өз таңдауларын жасады. «Біз ұжымымызбен референдумда таңдау жасауға келдік. Ел өмірінде маңызы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *