News

Туберкулез және оның алдын алу

Әлем халқының төрттен бір бөлігі туберкулез микобактериясын жұқтырған.  Емдеу жолы мен дәрісі болса да әлемде жыл сайын туберкелезден миллионнан астам адам көз жұмып жатыр.

Жетісу облысында 2023 жылы туберкулездің 268 жағдайы тіркелген, балалар арасында – 11, жасөспірімдерде 8 жағдай.

Туберкулез – бұл микобактериялармен шақырылатын жиі өкпені зақымдайтын жұқпалы ауру. Ол – өкпені зақымдайды. Сондай-ақ, лимфа бездері, ішек, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, сүйек, буын, ми, ми қабықшасы және басқа да ағзалар мен мүшелер зардап шегуі мүмкін.

 «Аурудың жұғу көзі белсенді өкпе туберкулезімен науқастанған адам. Науқас жөтелу, сөйлеу, түшкіру кезінде ауаға көптеп бактерияларды бөледі. Құрамында туберкулез қоздырғыштары бар ұсақ  аэрозольдар ауада қалқып 1-1,5 сағатқа дейін сақталып, желдетілмейтін бөлмеде қоздырғыш сау адамның ағзасына енуі мүмкін», — деп атап өтті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Меруерт Амангелдіқызы.

Туберкулездің алғашқы белгілері төмендегідей:

— 2 аптадан аса құрғақ немесе қақырық бөлінумен ұзақ жөтел;

— тәбеттің жоғалуы;

— дене салмағының төмендеуі;

— жалпы әлсіздік, жайсыздық, тершеңдік (әсіресе түнгі уақытта);

— жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, шаршау;

— дене қызуының кезеңді жоғарылауы;

— кеуде тұсының ауруы сияқты белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Туберкулез ауруы неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым одан тезірек айығуға болады.

«Жыл сайынғы флюорографиялық тексерулерден өту – өкпе туберкулезін анықтаудың сенімді және қауіпсіз әдісі. ЖЫл сайын тексеріліңіз. Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Қаралу тегін», — дейді маман.

Туберкулезбен ауырмау және ауыр асқынған түрлерінің алдын алу үшін вакцина алған дұрыс. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жаңа туылған нәресте дүниеге келген кезде 1-4 күні БЦЖ екпесімен егіледі. Мамандар сондай-ақ, шылым шекпеуге, ішімдікке салынбауға, құнарлы тамақтануға кеңес береді.

 

 

Shares:

Related Posts

News

МӘМС — денсаулық сақтау саласындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі

Дүние жүзінің көптеген елінде мемлекет барлық азаматтар мен тұрғындарды ауру немесе жарақат алған жағдайда медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін міндетті медициналық сақтандырумен келісім жасауға міндеттейді. МӘМС төлеушілердің арнайы
News

Жетісу облысында бөтеннің мүлкін  ұрлаудың 252 жағдайды тіркелді

Жетісу облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Серік Демейовтың айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында өңірде мал ұрлығының 33 жағдайы тіркелген. Жедел іс-шаралар барысында 15 күдікті ұсталып, жалпы шығын
News

Ғылымның болашағы: IESO 2025-те Ақжол Болат!

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Болат IESO - 2025 халықаралық олимпиадасына финалдық іріктеу турының жеңімпазы атанды! Биыл халықаралық олимпиада Қытай мемлекетінде өтетін болады. IESO (International Earth Science Olympiad)
News

Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. «Көбінесе, гидроцеле туғаннан
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *