News

Алматы облысында «109» біріңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазіргі таңда байланыс орталығына 800-ге жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай айтты.
Спикердің айтуынша, орталық мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындарды біріктіріп, тұрғындардың мәселелерін жылдам шешуге мүмкіндік береді.
Халық жылу, энергия, су, кәріз жүйелері, көшелерді жарықтандыру, қалалық жол инфрақұрылымдары,аула аумағын абаттандыру мен беті ашық қалған кәріз құдықтарына қатысты мәселелер төңірегінде өтініш қалдыра алады.

« Орталық биыл 11 қаңтарында техникалық түрде жұмысын бастады. Өңір тұрғындарын көбінесе коммуналдық мәселелерге байланысты сұрақтар мазалайды. Алайда, сұрақтары бойынша қай мекемеге жүгінерін білмейді. Білген күннің өзінде дер кезінде жауап ала алмайды. Осыған орай қала тұрғындарының коммуналдық мәселелерін оңтайлы және жылдам қарастыру мақсатында «109» бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын бастады,-дейді Олжас Артықбай

Олжас Артықбай, орталыққа қазіргі уақытта 762 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы жауапты уәкілетті органдармен өз шешімін тапқанын, тәулігіне 50-ден 100-ге дейін өтініш қаралатынан атап өтті. Мәселе, 10-15 сағат көлемінде, немесе шешіміне байланысты 15 күн аралығында шешілетінін айтты.
Орталық қазіргі таңда Қонаев қаласында және Талғар ауданында жұмысын бастады.Бұдан бөлек, мамандар облыс көлемінде ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылып жатқанын алға тартты.
Еске салайық, байланыс орталығы демалыссыз, тәулік бойы жұмыс жасайды.

Shares:

Related Posts

News

Азаматтардың МӘМС-тегі мәртебесі бойынша топ-10 сұрақ

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.   Мен «жұмыс істемейтін
News

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде
News

Менингококк инфекциясының алдын алу

Менингококк инфекциясы — бұл симптомсыз тасымалдаушыдан, назофарингит (мұрын мен жұтқыншақ шырышты қабығының қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококкты сепсис (инфекцияның қанға жұғуы) өткір түрінде өтетін, бактериядан туындайтын жіті инфекциялық
News

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *