Саясат

Алматы облысында мәслихат депутаттары SMM курстарынан өтті

Мәслихат депутаттарының қызметін әлеуметтік желідегі маркетинг арқылы ілгерілету жұмыстары ширап келеді. Осы бағытта Алматы облысында арнайы семинар-тренинг өтті.

Депутаттар енді әлеуметтік желіде белсенді болады. Ғаламтор арқылы тұрғындардың шағымын тыңдап, кері байланыс жасайды. Осы арқылы халықты алаңдатқан мәселелерге жедел жауап береді. Қазір бұл міндетті толық орындау үшін Алматы облыстық мәслихат депутаттары арнайы білім алып жатыр.

Семинардың алғашқы күнінде контент жоспар құру, аудитория жинау, негативпен жұмыс істеу және жеке бренд қалыптастыру бойынша дәріс оқылды. Тәжірибелерімен бөлісті.

«Бұл семинар партия тарапынан ұйымдастырылып жатқан өте жақсы бастама. SMM арқылы жүзеге асырылатын жұмыстар азаматтармен кері байланысты жақсартудың тиімді тәсілі деп білемін. Депутат болғандықтан осы дүниелердің барлығы бізге қажет. Жұмысымызда қолданып, халыққа жақын, етене жақын жұмыс жасап, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болуға біз ат салысатын боламыз»,  – деді мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының жетекшісі Қуат Байғоджаев.

Оқытуға қатысушылардың айтуынша, ақпараттық кеңістікте сайлаушылардың мүддесін білдірудің тиімділігін арттыру жұмысы әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне оң әсер етуі мүмкін.

Shares:

Related Posts

Саясат

БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда аймақтық орталық құру туралы қарар қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл – еліміздің сыртқы
Жетісу облысы

Сарыөзекте 14 баланың анасы дауыс берді

Сарыөзек ауылының тұрғыны, 14 баланың анасы Гүлназ Шакенова №189 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Көпбалалы ана референдумның өз отбасына да маңызы зор екенін атап өтті. «Бүгінгі дауыс беру – ертеңгі
Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463  дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол
Жетісу облысы

Туған күн иесі жүзінші дауыс беруші атанды

Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі №57 дауыс беру учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Меңдібай Хусинов дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді. Өмірінің
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *