News

«Zhasproject»: Алматы облысының жастарына 1 млн теңге грант беріледі

Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін  «Zhas Project»  жобасы іске қосылады. Бұл туралы Алматы облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев пен Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан Досалы баяндады.

Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешевтің сөзінше, облыста NEET санатындағы 32 мыңға жуық жас бар. Олардың басым бөлігі оқудан босатылғандар мен тұрақты жұмыс таба алмай жүрген жастар.

Жас буынның әлеуметтік деңгейін көтеру мақсатында қазіргі таңда бірнеше жобалар атқарылып жатқанын Мақсат Құлтайұлы тәлге тиек етті. Мәселен, сауда және базар орталықтарында жалдамалы жұмыс атқаратын жастарға арнап «TULGA BOL»,бұдан бөлек жұмыссыз жастарға арналған «Zhas Project» жобасы іске асырылатын болады.

     «ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Zhas Project жобасы бастау алады. Жоба жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған», — деді брифингте Мақсат Кенешев.

Аталған жобаға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жеке тұлғалар өтініш бере алады. Идеясы тың деп танылған жоба иегеріне кемінде 4 ай жұмыс істеуге 1 млн теңгеге дейін грант табыс етіледі.  Жобаға жауаптылардың сөзінше, шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 25 наурызбен 24 сәуір аралығында жүргізіледі. Конкурстық өтінімдер 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында іріктеліп, жоба жеңімпаздары 15 мамырда  анықталады.

Әлеуметтік проекттың негізгі мақсаты жастар бастамаларын қолдаумен қатар, өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешу екенін спикерлер айрықша атап өтті.  Сондай-ақ, жоба бойынша арнайы сайт әзірленген. Мұннан кез келген үміткер конкурс туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Бұдан бөлек, жобаға қатысуға өтініш беру бойынша толық нұсқаулықта бар.

«Бұл жобаға бірқатар талаптар қойылады. Қатысушылар міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Өтінім берген кезде Алматы облысында тұрақты тұру немесе уақытша тіркеуде болуы қажет. Сондай-ақ, жоба аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе сатып алу сияқты бағыттардағы жобаларға қолдау көрсетілмейді», — деп қорытындылады Балжан Досалы.

Shares:

Related Posts

News

МӘМС:Созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек алады?

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек ала алатынын мәлімдеді. Айтуларынша, созылмалы аурулар бойынша медициналық көмек алу үшін науқастың диагнозы қойылуы керек. Медициналық
News

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын
News

«Мектепке жол»: Алматы облысында 14 мыңнан астам балаға материалдық көмек берілді

  Әлеуметті аз қамтылған отбасы балалары үшін мемлекеттік қолдау қашанда жоғары, әрі жүйелі. Жылда әр оқу жылының басында «мектепке жол» республикалық науқны бастау алады. Аймақтың атқа мінерлері мен атымтай жомарт
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *