Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда

5 ақпаннан бастап жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізіледі. Еліміздегі  17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын бұл жобада қаржы сарапшылары халықты оқытып, қаржылық сауатын арттыруға көмектеседі. Әсіресе, онда несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық беріледі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын  мен облыстық «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Замзагуль Сламбекова Журналистер  үйінде  өткен  баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Еске  сала  кетсек,  өткен  жылы басталған  пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды.

«2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша  халық  көруі  керек деген еді. Биылдан бастап 17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын жобада 150  мыңдай адамды оқыту көзделген. Соның ішінде Жетісу облысында 6 жарым мың адамды оқыту жоспарланып отыр», — деп атап өтті Арыстанғали Қадырұлы.

Оқу  басталғалы облыста Ақсу, Ескелді, Көксу, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 3 аптаның ішінде 750 адам оқудан өтіп, қаржылық сауаттылығын арттырды.

«Жоба бойынша қаржы сарапшылары барлық ауданда жұмыс істей бастайды. Оларға кез келген уақытта барып, кеңес алуға болады. Оқу 3 апта, 5 күн оқытылады. Сонымен қатар жоба аясында еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында, колледждерінде және мектептерінде қаржылық сауат бойынша білім беру платформасы іске қосылып, қаржылық сауат курсы енгізіледі. Осылайша,  «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында әрбір қатысушының өзі және жақындары үшін жеке қаржылық жауапкершілігі, қаражат жинау және жоспарлау мәдениеті қалыптастырылады», — деп қорытындылады Замзагуль Сламбекова.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің
Жетісу облысы

Ұстаздар династиясы Исабековтер дауыс берді

Исабековтер - ұстаздар династиясы. Исабекова Бақытгүл Нұрсұлтанқызы Жаналық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 18 жыл. Анасы – Исабекова Мариямхан Нұрақынқызы 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болған. Талай шәкірттерді тәрбиелеген
Жетісу облысы

Еркін ауылының тұрғыны жылыжай шаруашылығын жүргізіп отыр

2019 жылдан бері Еркін ауылында жеке жылыжай шаруашылығы жұмысын жүргізіп келеді. «Майлебаева» жеке кәсіпкер ретінде қызмет етуде. Қияр өсіретін жылыжайда түрлі аппараттары мен көкөністі өсіруге арналған жылы газ қосылған. Аумағы
News

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді

Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп, оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *