Қоғам

Талдықорғанда құны 1 миллиард теңгеден асатын конкурстың күші жойылды

Талдықорған прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған.

«Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған», — делінген хабарламада.

Прокуратура шараларымен заңбұзушылықтарды дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз еткені айтылды.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

«55 жастан бастап төленеді»: Зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы төлем енгізілді

1 қаңтардан бастап арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және төлеуді тоқтату қағидалары күшіне енді. Оны алуға кімдер сенім білдіре алады? Бұл туралы Жетісу облысының
Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14
Қоғам

Алматы облысында екі пилоттық аудан әкімінің сайлауы басталды

Бүгін, 2023 жылдың 5 қарашасы, еліміздің 17 аймағында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы бастау алды. Ал, Алматы облысы бойынша пилоттық негізде Жамбыл мен Балқаш аудандары
Қоғам

Жетісу  облысында  62  медициналық ұйымда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды

2023 жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 62 медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Оның 31-і кесте бойынша берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне, 31-і ҚР
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *