Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді

Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған жақын орналасқан сейсмикалық белсенді аймақ тұрғындарының көпшілігін «дабыл чемоданының» дайындығы және төтенше жағдайлардағы мінез-құлық дағдыларына үйрету туралы ойлауға мәжбүр етті.
«Жетісу облысында қазірдің өзінде бірнеше сейсмикалық оқу-жаттығулар жүргізілді. Соңғысы 23 ақпанда, ал кезекті оқу-жаттығу 1 наурызда өткізіледі. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнімен тұспа-тұс келіп тұрған оқу-жаттығу жоғары, орта, орта арнаулы оқу орындарында, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да ұйымдарда ұйымдастырылмақ. Мұнда арнайы сабақтар өткізіліп, эстафета, жарыстар ұйымдастырылады, оның барысында қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді және түрлі дағдарыс жағдайларына тап болған жандарға көмек көрсетуді үйренеді», — деп түсіндірді Жетісу облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Данияр Тлеуханов.
Спикер 1 наурызда облыс аумағында сейсмикалық жаттығулардың көрсетілімі өтетінін, Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесі №26 мекенжайы бойынша орналасқан «Жетісу облысы әкімі аппаратының Шаруашылық басқармасы» КММ базасында сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Мұндай оқу-жаттығуларды жыл соңына дейін облыстың барлық оқу орындары, ірі кәсіпорындары мен мекемелерінде ұйымдастыру жоспарлануда.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жас сарбаз! 1 наурызда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

1 наурыздан бастап Президент жарлығына сай ел көлемінде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Осындай ақпаратпен Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметінің
Жетісу облысы

Жетісу облысында 47 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады. Бұл бастама қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Осы тұста облыста
Жаңалықтар

Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды

Жетісу өңіріндегі шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында еліміздегі тұңғыш авторлық жоба – әдебиет мектебі құрылды. Оның басты мақсаты: Жетісу облысында ақындық мектеп қалыптастыру, жастарды ақындық өнерге баулу, жазба ақындардың талантын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *