Жетісу облысыҚоғам

Талдықорғанда 15 апатты үй реновация бағдарламасы бойынша сүріледі

Талдықорғанда барлығы 852 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Қала бойынша 203 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары жөндеу жұмыстарын талап етеді. Биыл 30 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдос Жақыпбек бөлісті.
«Егер тұрғын үй апаттық деп танылған жағдайда Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырым-дамасына сәйкес, Реновация бағдарламасына енгізілетін болады. Қала бойынша жалпы саны 19 апатты үй, яғни 125 пәтерлер Реновация бағдарламасын берілді. Бүгінде оның 4-уі берілді. Нақтырақ айтсақ, Кивилев көшесі, №1, 2, 3, 4 үйлердің тұрғындарына 32 пәтер сатып алынып, толықтай тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ендігі кезекте 15 апатты үй 93 пәтер қалды», — деп түсіндірді Айдос Жақыпбек.
Спикер пресс-конференция барысында бюджетке үлкен жүктеме болмас үшін қала әлеуетті инвесторлар есебінен тұрғындарды көшіру мәселесін пысықталғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Шевченко көшесіндегі 1 үй бойынша инвестициялық келісім туралы шарт жасалды. Шевченко көшесі, №133 үйдің тұрғындары биыл тамыз айына дейін жаңа пәтерлерге көшірілетін болады. 13 апаттық үйдің иелерін көшіру 2023 жылы басталды. 2023 жылы 32 пәтер сатып алынды. Қалған 47 пәтер 2024 жылдың 2-тоқсанында бюджет қаражаты есебінен қайталама тұрғын үй пәтерлерін сатып алу тәсілімен пәтерлермен қамтамасыз етілетін болады деп түсіндірді спикер.
Атап өтейік, апаттық үйлерді пәтерлермен қамтамсыз ету мақсатында 560 млн.тг қажет етеді, бүгінгі күні бюджеттік өтінім берілді.
Жақында Instagram әлеуметтік желісінде Подхоз ықшам ауданындағы үйлердің жағдайы туралы видеоүндеу жарияланған болатын. Ол бойынша техникалық тексеруден өткен және апатты деп танылған 8 үй бар. Спикердің айтуынша, тексеру 1-ден 31-ге дейінгі нөмірленген үйлер бойынша жүргізілген. Қазіргі уақытта үй иелерінің барлық құжаттары ретке келтіріледі. Осыдан кейін басқа тұрғын үй беру мәселесін арнайы комиссия қарайтын болады деп қорытындылады спикер.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында биыл қыс мезгілінде 4 адам суға кетіп, екеуі әлі табылмаған

Облыста әрқилы демалыс түрлеріне пайдаланылып жатқан 43-тен аса ірі ашық су қоймалары бар. 2022-2023 жылдар аралығында Алакөл және Панфилов ауданында 4 адам су айдынында мерт болып, 2-уі әлі табылмаған. Тұрғындар
Жаңалықтар

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай: ластауыш заттардың көлемі азайды

Жетісу облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында оң динамика байқалды. Өткен жылы ауаны ластаушы заттардың шығарындылары 13,3 мың тоннаға жетіп, бекітілген жылдық лимиттен айтарлықтай төмен болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде
Жетісу облысы

Жетісу облысы: Халықаралық балаларды қорғау күні және жазғы демалыспен қамту

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және жазғы демалыстың дайындығы мен жоспары туралы сөз қозғалды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы  Марат Сүлейменов пен басшы орынбасары
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *