Қоғам

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде ауызашар дастарқаны жайылады

«Ораза тұтқан жандарға облыстық «Қапшағай» мешіті атынан күн сайын 120 адамға ауызашар дастарқаны жайылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы айтты.

Дін қызметкерінің айтуынша, Биыл наурыз айының 11-і күні қасиетті Рамазан айы басталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сәуір айының 5-нен 6-на қараған түнін Қасиетті Қадір түні деп белгілеген. Ал, 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

«Сауаптар еселеніп жазылатын бұл айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті, ауыз бекітушіге берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де белгісіз. Алматы облысының тұрғындарын қасиетті айда жүзеге асатын «Рамазан қоржыны», «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі» «Жомарт жұма», сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын»,- деді Мадияр Тағайбайұлы.

Сонымен қатар бас имамның айтуынша, өңірдегі 73 мешітте хатым құран түсіріліп, 30 күн тарауих намаздары оқылатан болады.
Еске салайық,биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде дауысын берді. Мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалғанды жөн көрмеген жас жігіт,
Қоғам

Қазақстанның ұлттық валютасына — 30 жыл

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгізілді. Биыл еліміз ұлттық валютаның 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты Өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңына баспасөз конференциясына ұлттық валютаны
Қоғам

Жетісу облысында ұрпақтар сабақтастығы жайлы жоба іске асты

Өңірімізде «Әжелер ертегісі» онлайн-клубы жұмыс істейді. Үйден шыға алмайтын ерекше балаларға арнап ватсап желісі арқылы аптасына кемінде екі рет 10 адамға арналған аудио ертегі тыңдатылады. Аталған шара «Азаматтық бастамаларды қолдау
Жетісу облысы

Жетісу облысында құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Саят Қараласов жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынғанын атап өтті. Қазіргі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *