News

Алматы облысында 33 елдімекеннің 3D моделі жасалды

Алматы облысында әкімдіктердің және оның құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл процестерін оңайлату мақсатында арнайы цифрлық жоба әзірленген. Аталған жобаның жұмысы өткен жылдың 23 желтоқсанынан басталған.

Осы күнге дейін қол жеткізілген көрсеткіштер жайында брифингте облыстық цифрландыру басқармасының бөлім басшысы Олжас Артықбай айтты.

«»Цифрлық көшірме» жобасы аясында барлық деңгейдегі карталар цифрландырылды, жер бедерінің, ортофотопландардың цифрлық модельдері және ауданы 582,1 шаршы метр құрайтын 33 елдімекеннің 3D модельдері жасалды», — деді спикер.

Сондай-ақ ол жоба шеңберінде облыстың проблемалық мәселелерінің, жер учаскелерінің, ветеринариялық станциялар мен мал қорымдарының, Қонаев қаласындағы камералардың, ерекше қорғалатын аумақтардың, құрылыс объектілерінің, қылмыстар бойынша тақырыптық үш өлшемді және екі өлшемді карталары жасалғанын атап өтті.

«Қазірдің өзінде цифрлық карталар халыққа және басқа да мүдделі тараптарға ашық және жабық деректерді қолдануға мүмкіндік беріп отыр», — деді Олжас Артықбай.

Бұдан бөлек, баспасөз мәслихатында ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жанат Жарболов цифрлық көшірме бойынша осы салада жасалған жұмыстар жайлы айтты. Сөзінше, цифрлық көшірмеде барлық аудандағы ветеринариялық бөлімдері сары түспен, сібір жарасы ошақтары қызыл түспен, мал қорымдары күлгін түспен белгіленген.

«Көшірме қолданысқа берілгелі басқармаға түсетін өтініш саны азайып, жұмыс оңтайланды. Жүйеде кез келген адам ветеринария бөлімшелеріне кедергісіз хабарласуына жағдай жасалған. Ай сайын көшірме жаңартылып, мониторинг жүргізіліп отырады», — деді ол.

Цифрлық платформада төтенше жағдайлар бойынша да ақпаратты алуға болады. Бұл жайында ТЖД бастығының бірінші орынбасары полковник Данияр Қасымов сөз етті.

«Төтенше жағдайларға байланысты мәліметтердің барлығы жүйеге енгізілген. Оның ішінде су гидранттары, өрт сөндіру станцияларының орналасу орны, су қоймалары, мореналдық көлдер, дабыл жүйелерінің орналасқан пункттері, селге, топырақ көшкініне, қар көшкініне қауіпті аймақтар, химиялық қауіпті нысандар, шомылуға тыйым салынған жерлер т.б. ақпарат бар», — деді спикер.

Биыл арнайы сайттан (gis.almatyregion.kz) басқа, мобильді қосымша жасау жоспарланып отыр.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

  Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау
News

Ұлттық өнер дәріптелген күн: Алматы облысында Ұлттық домбыра күні тойланды.

Қонаевта Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра-дастан" фестивалі өтті. Оған Алматы облысының түкпір-түкпірінен мыңдаған музыканттар жиналды. Белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Бесбаев пен Нұркен Әшіров сынды
News

Алматы облысында 187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

Ашықтық - мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс құралы. Жергілікті атқарушы билікпен атқарылып жатқан жұмыстардан қараша хабардар болуы үшін таңдалған бірегей шешім. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ондағы бастамалардың тиімділігін ашық
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *