Жетісу облысыҚоғам

ҚМДБ биылғы пітір садақаның мөлшерін 640 теңге деп бекітті

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті ораза 11 наурызда басталады. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. Отыз күндік ораза сәуірдің 9-ы аяқталып, 10 сәуір – айт мерекесін тойлау басталады. Пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде жан басына 640 теңге. Рамазан айы туралы ақпаратпен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы бойынша бас имамы Керімбек Дәуітов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облыстық «Иман» мешітінің наиб имамы Нұрлан Усманов Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде айтып берді.
«Рамазан айында ораза ұстай алмайтын кісілер болады. Жүкті әйелдер, емізік баласы бар немесе ауырып жүрген, денсаулығы көтермейтін кісілерге Рамазан айында ораза ұстамауға рұқсат. Бірақ оларға хидия садақасын төлеу міндеттеледі. Ол дегеніміз бір күндік міскінді тойдыру. Хидияның көлемі жан басына 3400 теңге, шамасы келсе күнделікті мұқтаждарға беру арқылы амалы мойнынан түседі. Ал оған шамасы келмейтін жандар пітір садақаның мөлшерімен есептеп беруге болады», — деді Керімбек Сәрсембайұлы.
Дін қызметкерлері жылдағы дәстүр бойынша қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады. Сондай-ақ, биылғы жылы да дәстүрлі исламға басымдық беріледі. Осы жылды муфтият «Ислам және дәстүр құндылығы жылы» деп жариялаған. Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы да биыл өз жалғасын таппақ.
«Пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде жан басына 640 теңге. Айта кетейік, пітір садақа көлемі екі келі ұн немесе мейіз, бұдан бөлек 4 келі құрманың бағасымен де есептеле береді. Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейінгі уақыт аралығында мұсылман қауым өзі және отбасы үшін осындай зекет беруі уәжіп», — деді Нұрлан Жұманұлы.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаудың жүргізілуі тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды

Әлем бойынша, оның ішінде біздің облыста қызылша инфекциясынан эпидемиологиялық қолайсыздық байқалуда. Сырқаттанушылықтың басым  көпшілігі қызылшаға қарсы егілмей қалған 5 жасқа дейінгі балалар арасында орын алуда, расталған 367 жағдайдың ішінде 57,2%
Жетісу облысы

2023 жылы Жетісу облысында 800-ден астам тұрғынды қаңғыбас ит қапқан

Жетісу өңірінде қаңғыбас иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-шағымдары жазылған жазбалар қарқын алуда. Тұрғындардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Қандай шаралар қабылдау қажет? Жетісу
Жетісу облысы

Жетісу облысының аумақтық қорғаныс бригадасы келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды қарсы алады

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру туралы баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 99285 әскери бөлімінің командирі Бағлан Чегебаев пен әскери бөлім командирінің көмекшісі
News

NIS Талдықорған мұғалімдері ЕCER 2024 халықаралық конференциясына қатысты

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері Әсел Меңлібаева мен Айнұр Рысбаева жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен білім беру саласында мыңдаған зерттеушілерді жинайтын ECER 2024 халықаралық конференциясына қатысты. Биыл ЕCER
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *