Жетісу облысыҚоғам

Жетісуда Наурыз мейрамы ерекше аталып өтеді

Биыл Наурыз мейрамын тойлау ерекше форматта өтеді. 14-23 наурыз аралығында еліміздің және облыстың барлық өңірлерінде Наурызнама өткізілмек. Бағдарлама әр күнге жоспарланған. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлы БАҚ өкілдерімен кездесуде бөлісті.
Биыл Наурыз мейрамының тарихын жаңғыртып, мазмұнын байытып жаңаша форматта өткізу көзделіп отыр. Осы жылы алғаш рет республика көлемінде алуан түрлі шаралармен 10 күн бойы аталып өтетін Ұлыстың Ұлы күні мерекесі – «Наурызнама» деп аталады.
«Наурыз — салт-дәстүрлер насихатталатын ұлық мереке. Жетісу облысында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып қалың жұрттан бата алу мақсатында «Тұсау кесер» тойын өткізбекші. Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген 16 наурыз күні Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында алғашқы тәй-тәй басқан 50 бүлдіршіннің тұсауы кесіледі», — деді Марлен Қапашұлы.
Мұндай ғұрыптың ауқымды рәсімі елімізде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өту керек. Одан бөлек білек көтерген батагөйлер бата беріп, келін түсіру жоралғылары жасалып, жұрт ұмыт бола бастаған ұлтымыздың өзге де салт-дәстүрлерімен танысып, тамашалайды.
Сондай-ақ, 21 наурызда Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Қорғас» экономикалық аймағының аумағында этнофестиваль өтеді. Онда ұлттық ойындар, қазақ бұйымдары мен қолөнер бұйымдарының көрмелері таныстырылмақ.
21-22 наурыз күні тұрғындар мен қала қонақтарын сағат таңғы 10-нан түңгі 22.00-ге дейін этно-қалашықтар күтіп тұр. Одан бөлек, «Жастар» саябағынан Қ.Жалайыри даңғылы бойымен, Назарбаев даңғылы бойымен және орталық алаңға дейін түйешілер, салт аттылар, ат командалары және велосипедшілердің қатысуымен этнокеруен ұйымдастырылады. Ал іс-шараның соңы «Жастар» саябағында кешкі концерттік бағдарламаға ұласады.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 282 пәтер Талдықорған қаласының әкімдігіне қайтарылды

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өз қызметін негізгі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, халықтың мүдделерін қорғауға және бюджетке келтірілген залалдың алдын алуға бағыттайды. Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
Жетісу облысы

2024 жылы Жетісу облысында 202 км автожол жөндеуді жоспарлап отыр

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 198 шақырым жол жөнделді. Биылғы жылы 202 шақырымды жөндеу үшін Ұлттық  қордан  және жергілікті бюджеттен 20 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі
News

Халықаралық жастар күнін кең ауқымда тойлау жоспарлануда

12 тамыз Халықаралық жастар күнін кең ауқымды мерекелеу жоспарлануда. Жетісу облысының жастары үшін 3-12 тамыз күндері аралығында онкүндік мерекелік тұжырымдама ұйымдастырылмақ. Мақсатты аудитория 14-35  жас  аралығындағы жастар, оның ішінде мектеп
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *