News

Алматы облысында Наурыз мерекесінде 700-ге жуық іс-шара өтеді

Күн мен түннің теңесіп, жаңа күннің келер басы – Наурыздың табалдырықты аттайтын сәтіне де санаулы күн қалды. Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі жарияланды.
Наурыз мерекесі аясында өңірдің барлық аудандарында 700-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Тұрғындарды ұлттық жарыстар, 2000 мың адамдық көш керуені мен мерекелік концерт күтеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осыған орай, облыстың Наурыз мейрамына арналған бірыңғай логотипі әзірленді. Осындай ақпаратпен Алматы облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Джалгаспаева мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев айтты.
Сондай-ақ, 1 наурызбен 25 наурыз аралығында аудандар мен Қонаев қаласындағы 92 ірі сауда орталықтарында «Наурыз Sale» атты жеңілдіктер науқаны өтуде. 11 наурыздан бастап 24 наурызға дейін мүдделі кәсіпкерлерді тарта отырып, адамдар көп жиналатын алаңдарда, ірі сауда орталықтарының алдында «Наурыз қалашықтары» ұйымдастырылуда. Бұл қалашықтарда қазақ үйлер тігіліп, көрмелер, жәрмеңкелер, тик-ток фотоалаңдары орналастырылады.
Әсел Джалгаспаеваның баяндауынша, айтулы күн Көрісу күнінен басту алады. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде Тазару күнімен аяқталады.

«Аудандар мен қалада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы мен «Алатау әуендері» ұжымының «Төрле, Наурыз еліме» атты мерекелік гастрольдік концерттері өткізіледі. Барлық аудан, қалаларда «Bauyrsaq Party» бауырсақты тегін тарату акциясы ұйымдастырылады»,-деді Әсел Джалгаспаева

Данияр Алиевтің сөзінше, жылды қарсы алу «Ынтымақ» көш-керуенінен басталып, облыс орталығына киіз үйлер тігумен ерекшеленеді. Көш 22 наурыз күні сағат 10:00-де басталады. Орталық алаңға жеткен «Ынтымақ» көш-шеруінін Қонаев қаласы қарсы алады. Ұлттық салт-дәстүр бойынша, келген көшті «Ата Дәстүр» жөн-жоралғыларымен күтіп алады.

« Көшке 2000 адам қатысады. Бір аудан – бір Көш.Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Сақ қорғандарымен, әйгілі Алтын адамымен ерекшеленеді. Көш-керуендердің өнері толық аяқталғаннан кейін «Жаңа күн» атты пролог басталады. 150-200 адам қатысатын Пролог күнді қарсы алу, көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, Қыдыр атаның бата беруі сияқты дәстүрлерді қамтиды»,-дейді Данияр Алиев

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын табады. Концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын «Дос Мұқасан», Әбдіжаппар Әлқожа, Шәба Әденқұл, Мирас пен Құралай сияқты белгілі әншілер қатысады. Ал кешкі концерт сағат 19.00-де өтеді.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында биыл ауылшаруашылығы саласында 11 инвестициялық жоба іске асырылады

  Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Алматы облысы әкімдігімен үшжақты шарт жасалды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ауылшаруашылығы басқармасы
News

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

  Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау
News

Шетелге барып демалудың қаупі – тырысқақ!

Шетелдегі демалыстың сәтті болуы үшін демалыс орнын таңдау барысында әрбір азамат таңдалған елдегі инфекциялық ахуалды ескеруі қажет. Бүгінде дүниежүзі бойынша тырысқақтың (холера) ахуалы тұрақсыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2024 жылдың
News

Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

  Алматы облысы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы ел экономикасының жетекші күштерінің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Биылғы аграрлық маусымда егістік алқаптарының көлемі азайғанымен, өнімділік рекордтық деңгейге жетіп, жаңа технологиялар мен
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *