News

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы уақытта құрамды 21 адамға дейін толықтыру жоспарланған.

Аспап алуға бюджеттен 7 миллон 133 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алуды ойластырып жатырмыз. Жақын арада қажетті инструменттерді аламыз. Бірақ құрамды әлі де толықтыруымыз қажет — деді, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония директоры Данияр Құрамысов.

Оркестр құрамындағы өнерпаздардың барлығы консерватория бітірген кәсіби мамандар. Дені түрлі халықаралық және республикалық конкурстар лауреаты. Ұжымның көркемдік жетекшісінің айтуынша, оларды іріктеуге 1 ай уақыт кеткен.

«Оркестр қоржынында қазір 25-тен аса шығарма бар. Ендігі мақсатымыз репертуарды көбейту. Бүгінгі таңда вокалдық әндерді сүйемелдеуге дайындалып, қызу жұмыс істеп жатырмыз «, —  деді ішекті симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі Мақсат Нұрлан.

Айта кетейік, ұжымның алғашқы концерті келесі айда өтеді деп жоспарланып отыр. Одан кейін өнерпаздар әуелі Алматы облысының аумағын, кейіннен республиканың басқа да өңірлерін араламақ.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында биыл ауылшаруашылығы саласында 11 инвестициялық жоба іске асырылады

  Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Алматы облысы әкімдігімен үшжақты шарт жасалды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ауылшаруашылығы басқармасы
News

Стандартты сақтандыру шаралары

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, кез келген  уақытта шамамен 1,4 миллионға жуық адам медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциядан зардап шегеді. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция дегеніміз (бұдан әрі-МКБИ) –
News

Алматы облысында орман өрті   2  есеге азайды

Тілсіз жау айтып келмейді. Күн жылына дала өрті өршитіні ақиқат. Мамандардың айтуынша,  наурыздың жиырмасы мен қарашаның бірі аралығы өртке қауіпті кезең деп саналады.  Бүгінде Алматы облысында 9 табиғи өрт оқиғасы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *