Қоғам

Алматы облыстық депутаты: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Құрметті достар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті.

Ұлттық Құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң. Бүгінгі Құрылтайда да ел болашағына қатысты өзекті мәселелер айтылды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында еліміздің идеологиялық, рухани бағыт-бағдарын айқындап, жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде өз ойын айтты. Әрине, тіл, дін, тарих пен мәдениет, салт-дәстүр – әр ұлттың басты байлығы. Президент болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет екенін атап өтті.

Біздің өткеніміз — болашақ ұрпаққа үлгі, өнеге болуы тиіс деп ойлаймын. Ата — бабаларымыздың бізге қалдырған мұраларын қастерлер, сақтау әрі дәріптеу әрбір Қазақстандықтың қасиетті де қастерлі борышы.

Қазіргі таңда белең алып жатқан есірткі саудасы, жастар арасында «вейптердің» таралуы, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия, вандализм қоғамның дертіне айналғандай.
Бұл дертпен күрес үшін жұмыс басталу үстінде. Қазір Парламентте вейптерді елге әкелген, оны өндірген және таратқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылданды.

Өскелең ұрпақты барынша мәдениетті және мемлекет үшін аянбай еңбек етіп тәрбиелеуге үйретудің кілті — тәрбиеде деп ойлаймын. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына адами құндылықтар мен қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық — міне, әр қазақстандықтық бойынан табылу керек құндылық.

Ел ертеңі сіз бен біздің қолымызда. Ендеше мемлекетіміздің болашағы жарқын, еліміз аман болсын.
Мықты ұлт, іргелі мемлекет құруға барлығымыз бір кісідей күш салайық!

Алия Ақжолтайқызы Алматы облыстық мәслихат депутаты

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында көгілдір отынмен халықты қамту көрсеткіші артып келеді

Талдықорған қаласы бойынша тағы 4 мың учаске табиғи газбен қамтылмаған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов айтуынша, облыс орталығының көпқабатты тұрғын үй секторына 822 көпқабатты үй
Қоғам

Игі бастама: Қонаев тұрғыны арнайы әлеуметтік мекемелерді тегін тазалап жүр

Алматы облысында «Zhas Project» жобасы аясында 1 миллион грант иесі атанған Алина Каримжанова өз ісін қайырымдылықтан бастады. «Тазалық денсаулық – кепілі» атты жоба арқылы Алина Каримжанова бірінші бастамасын Қонаев қаласында
Жетісу облысы

Жетісу облысының аумағында 185 адам қар құрсауынан құтқарылды

Облыста республикалық автожолдарда – 2,  облыстық тасжолдарда – 10 қар басу аймағы бар. Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл автокөлік қар құрсауында қалады.
Жетісу облысы

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді респонденттер уақытылы есеп бермесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған қоса статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде түзету енгізуі қажет. Бұл туралы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *