Жетісу облысыҚұқық

Жетісуда «Мигрант» профилактикалық шарасы бойынша 249 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін 11-15-ші наурыз аралығында елімізде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс обьектілерін, базарлар мен жалдамалы жұмысшыларды пайдаланатын ұйымдарды және жұмыс берушілерді тексерді. Нәтижесінде бес күн ішінде облыс бойынша 388 бұзушылық анықталды. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде Жетісу облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков мәлімдеді.

«Жедел профилактикалық іс-шара барысында 388 бұзушылық анықтылды. Оның ішінде елде болу ережелерін сақтамағаны үшін 249 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен елден ТМД-ның 17 азаматы, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 4 шетелдік шығарылды. Ал,  20 азамат жеке басын куәландыратын құжаттарсыз және белгілі бір тұрғылықты жерінсіз қабылдау-тарату мекемесіне қамауға алынды», — деді Ерлан Қабдоллаұлы.

Сондай-ақ, спикер шетелдіктерді уақтылы тіркеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының  116  азаматы  тартылғанын айтты. Одан  бөлек,  шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны үшін 23  жұмыс беруші тартылды.

Басқарма бастығының айтуынша, алдағы уақытта да облыс бойынша көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Shares:

Related Posts

News

Алакөлде мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлық иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 учаскеде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін
Жаңалықтар

Көктемгі шақыру науқаны барысында 2000 мыңға жуық азамат әскерге шақырылады

1 наурыздан бастап елімізде мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды, ол 29 маусымға дейін жалғасады. Жетісу облысында 18 бен 27 жас аралығындағы екі мыңға жуық азамат көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында
Жетісу облысы

Талдықорған қаласы Мансап орталығының көмегімен 929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Жыл басынан Талдықорған қаласының мансап орталығына 827 адам жұмысқа тіркелді. Жұмыспен қамту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыратын орталықтың алты айлық жұмыс нәтижесімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *