News

Көкжөтел

Көкжөтел — бұл балалар мен ересектерде кездесетін, Bordetella pertussis бактериялармен шақырылатын қауіпті жұқпалы ауру.

Инфекцияның таралу жолы — ауа тамшылы. Қоздырғыш түшкіру және жөтелу кезінде көп бөлінеді. Инфекция көзі көкжөтелмен науқастанған адам немесе бактерия тасымалдаушы.

Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен екі аптаға дейін, симптоматикасы айқын жедел кезең — 25 күнге дейін созылуы мүмкін, ары қарай қалпына келу кезеңі басталады, оның ұзақтығы науқастың иммундық жүйесіне байланысты.

Көкжөтел балаларда, әсіресе нәрестелерде ауыр өтеді, жұқпамен ересектер де ауыруы мүмкін. Ересектерде аурудың клиникалық көріністері бронхитке ұқсайды, сондықтан ауруды бірден анықтау оңай емес. Көбінесе ересектер екпе алмаған, соның ішінде екпеге жасы әлі жетпеген балалар үшін инфекция көзі болып табылады.

Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті, өйткені көкжөтел ұстамалы, «үрген» жөтел (лающий кашель) түрінде өте қысқа интервалмен өтеді, бала толық дем алып үлгермейді, бұл тұншығуға әкеледі.

Bordetella pertussis бактериялары ағзаға ауа тамшылы жол арқылы еніп, көмей мен бронхтың ішкі қабатында көбейеді. Көкжөтелдің алғашқы белгілері ерекшеленбейді және жіті респираторлық инфекцияларға ұқсас, сондықтан нақты диагноз қою қиын. Біртіндеп жөтел күшейіп, 2-ші аптаның соңында жөтелдің ұстамалары басталады. Ұстама кезінде баланың беті көгеріп, мойын тамырлары кеңейіп, көздеріне қан құйылып, тілі аузынан шығып, тілдің жүгені жиі жарақаттанады, сонымен қатар тұншығу дамып, тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін.

Жұқпаның ауыр ағымында бірқатар өте қауіпті асқынудың даму қаупі жоғары:

— Жұлын мен миға, көз склерасына, бет терісіне қан құйылуы, мұрыннан қан кетуі;

— Өкпе дұрыс жұмыс істемеуі (эмфизема);

— Тыныс алу жолдарының жарылуы;

— Геморроидальды түйіндердің пайда болуы, тік ішектің және кіндік немесе шап жарығы;

— Иммунитеттің әлсіреуіне байланысты қосылған басқа да инфекциялар.

Егер Сіз балаңызда немесе ересек адамда көкжөтел ауруына күдіктенсеңіз дәрігерді үйге шақырыңыз. Дәрігер науқасты үйде қалдыру немесе ауруханаға жіберу туралы шешім қабылдайды. Көкжөтелмен ауырған 1 жасқа дейінгі балалардың барлығы ауруханаға жатқызуды қажет етеді, себебі олардың 20-30% ауру асқынулармен жүреді.

Көкжөтелден баланы қорғаудың ең тиімді жолы — вакцинация. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес көкжөтелге қарсы вакцинация 2, 3, 4, 18 ай және 6 жаста жүргізіледі.

Shares:

Related Posts

News

Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жоспарлы түрде жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады. Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.
News

Жетісулық шекарашылар А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды. Ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, мемлекет
News

МӘМС жүйесінің мүмкіндігі зор – Ләззат Әсетқызы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды іске қосылғанына биыл төртінші жыл. Осы уақыт ішінде ол өзінің тиімділігін дәлелдеді ма? Әлде пайдасынан зияны көп пе? Бүгін осы және өзге де сұрақтар
News

«ТастөбеАгрофуд» ЖШС еңбек ұжымы өз таңдауын жасады

«ТастобеАгроФуд» ЖШС сүт өндіру бойынша Жетісу облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын басшысы Шыңғыс Ахметов өзі басшылық ететін еңбек ұжымымен референдум күні дауыс беру учаскесіне келіп, қызметкерлер өз таңдауын жасауына мүмкіндік
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *